Оқушыларды кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Олардың ой еркіндігі эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойындар арқылы белсенділігін арттыру, өздігінен білім алуға баулу.
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдалана алатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл- елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Бүгінгі күннің ең маңыздысы – білім ғана. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында».
Тіл – бүкіл халықтың игілігі. Ол халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Тіл үйрену, тіл ұстарту, тәл мәдениеті, сөз соңына үңілу, сөз қадіріне жету. Сол арқылы күллі әдеби – мәдени мұрамызды меңгеру, рухани сұлулықтың барлық этикалық байлықтың басты негізі болып есептеледі.
Адам - қарым – қатынастар, оқу – тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірді. Оның ішінде ең маңыздысы мұғалім мен оқушы! Олар бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесінде бірігіп талдауы керек.
Оқушының грамматикалық біліктілігі мен шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында жүргізілетін мына дидактикалық ойындарды өз тәжірибемде қолданып келемін.
“Гүлге қонсын көбелек” ойыны.
Карточкаларда берілген сөздер өз гүліне көбелек болып қонуы тиіс.
Мысалы: Берілген сурет, мәтіненнен жай сөйлемдерді теріп түрлеріне ажырату, көбелек етіп қондыру.
“Кім зерек, кім жылдам?” ойыны.
Берілген мақалдың жалғасын тап.
Қазысың, қартасың .............
Жамғырменен жер көгерер, ................
Жалқаудың жаны тәтті, .................
Балалы үй базар, ..................
“Сұрақ бізден, жауап сізден” ойыны.
Кеспе қағаздар бойынша жұмыс. Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беру.
1. Тастың жеңілі бола ма?
2. Қарғыстың ең жаманы не?
3. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
4. Білгенің қанша, білмегенің қанша?
5. Өтірікші кімді алдайды?
6. Ер неше рет өледі?
“5 тармақты өлең” ойыны.
Суреттерге қарап сөз таптары бойынша сөздерден сөйлем құрау.
Оқушыларды сауатты оқып, жазуға дағдыландыру үшін оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін сабақта қолдануға болады. Олардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, логикасын дамытып, білімге, оқуға қызығушылығын арттырудың негізіне суреттер, халық ауыз әдебиеті дидактикалық ойындардың ықпалы зор.
Мен оқу және сызуда сын тұрғысынан ойлау әдісін басшылыққа аламын. Білімдерін тиянақтау кезінде “Топтастыру” стратегиясын жүргіземін.
Тақырыбы: “Усман Насыр өлеңдері” сабақты “Сын тұрғысынан ойлау” сабағы етіп, сабақ қызықты және тартысты болу үшін “Ішсең – тамақ, жүрсең – көлік, ұшсаң - қанат” – демекші топтарға 7 қазынаның бірі “сәйгүліктер” аты беріледі.
У.Насыр, М.Жұмабаев, С.Есенин өлеңдерін қазақ, өзбек, орыс тілдерінде оқып тыңдау. Олардың өмірлері бір-бірімен тағдырлас екендігін анықтау.
ІҮ. Топтастыру
Ү. Сергіту сәті
Ойын: “Суреттерден маржан тер”
У.Насырдың табиғатқа арналған өлеңі “Жүр тауларға шығайық” суреті ілінеді.
Онда табиғат, тау, достар
көрсетілген. 3 топ сол
тақырып төңірегінде мақал-
мәтелдер айтады.
У.Насыр
М.
Жұмабаев
ҮІ. Шығармашылық жұмыс (Ой толғау)
Шағын шығарма жазу.
1. Тайбұрыл 2. Байшұбар 3. Құлагер
“Ақ ат” аңызы “Қасқырлар” аңызы “Алтынланған Сталин” туралы аңыз
ҮІІ. “Өлең мен сөйлем” ойыны.
У.Насыр, М.Жұмабаев өлеңдерін мәнерлеп оқып, сол өлеңдердің мазмұнын жай сөйлемдермен жазу.
ҮІІІ. Қорытындылау.
Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау .
У.Насыр М.Жұмабаев
ІХ. Үйге тапсырма. У.Насыр өлеңдерін талдау.
Х. Бағалау.
Қорыта келгенде,
Педагогикалық технологиямен сабақты салыстыра оқыту оқушылардың танымдық қасиетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық жұмысқа деген қабілетін арттыра отырып, ойын кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Оқушының шығарма, эссе, ой толғау, өлең шығару қабілетін арттырады.
Оны жүзеге асыруда халық ауыз әдебиетінің, мұғалімнің шығармашылығы мен құзіреттігінің мәні зор.