. Ахмет-қазақ халқының рухани көсемі
1-жүргізуші.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен студенттер!Бүгінгі өткелі отырған Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдығы арналған “Ахмет оқулары”байқауына қош келіпсіздер!
2-жүргізуші.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
1 жүргізуші.
Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет танытқыш,тіл тағылымы,қырық мысал атты кітаптары бар.Ахметтің шығармашылығы туралы білер болсақ назарымызды кітап көрмесіне бұрсақ
(Кітаптарды таныстыру)
2 жүргізуші.
Әділетсіздік белең алып тағы да,
Қайта ұсталды ,азап шегіп тарлықтан.
Мың тоғыз жүз отыз жетінші жыл.
Репрессияға ұшырап-
Атылып кетті жастай ол.
Жаны өлседе ақынның-
Заты өлмесін "Ахмет"деген атыңның!
Бүгінгі өткелі отырған байқауымызды бастамас бұрын төрелік ететін әділ қазы алқаларымен таныс болсақ
Осы жерде бастау үшін жарысты,
Талай талант танысты да, табысты.
Аламанда айбыны үшін еліңнің
Жібермеңдер, қолда ұстап намысты!,-дей отыра ортамызға бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызды шақырамыз.Әділ-қазы алқалары оң шешімін береді деген ойдамыз
Алдарыңызда
Жәрайсыңдар,қыздар!Осы беттен таймандар,алда алар асуаларың биік болсын!
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз
Әділ-қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз,-әділ қазы алқалары ойланып,шешімдерін қабылдағанша көңілді ән тыңдайық!
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Алдарыңызда Нүретова Дильназ “Самға” әнімен.Қарсалыңыздар!
(Ән)
Ал енді қыздар,кім Ахмет Байтұрсынұлы туралы көа біледі екен,соны тексеріп көрсек қалай қарайсындар!Келесі кезекті “Тауып көр”ойынына берсек.
Жәрайсыңдар,қыздар!Сендер біз ойлағаннанда көп біледі екенсіңдер.Бұл өздерің үшін үлкен жетістік.
Менің ойымша,әділ қазыларыдың шешімі дайын секілді.Сондықтанда сөз кезегін сіздерге берсек берсек.
(Сөз сойлейт,грамота табыстайды)
Ендігі сөз кезегі кураторымыз Хамбетова Айгерім Мейрбекқызына!
(Сөз)
Жарыстар өтсін алуан,
Сынады күшің барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді, мықты әрбір жан
Қыздар,бүгінгі байқауға ат салысып қатысқандарыңыз үщін мың алғыс.Бұл сіздердің алғашқы және соңғы байқауларыңыз емес.Сіздерді алда талай жеңісті де,жемісті күндер күтуде.Сондықтан еш мойымаймыз!
Құрметті,
Алтындай қымбат уақыттарыңызды бөліп,біздің “Ахмет оқулары”атты ашық тәрбие сағатымызға қатысып,әділ төрелік еткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.Кем кетігіміз болса оны дұрыстауға тырысамыз!Келгендеріңіз үшін рахмет!
Жыл керуені жылжыған сайын Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызға да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Сондықтан оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық!Келесі кездескенше,қош сауболыңыздар!
Алдарыңызда Серикова Альбина “Көңілді күн”әнімен
Достарыңызбен бөлісу: |