Ахмет Байтұрсынұлы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата15.03.2022
өлшемі251,19 Kb.
#135707
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия

Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіш, Алматы, 1998


мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш
бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының 
фонетикаға
арналған бөлімі 
1915
жылы, морфологияға арналған бөлімі 
1914
ж., синтаксис бөлімі 
1916
жылдан бастап
жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі
оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау
салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік
ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін
өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, 
зат
есім

сын есім

етістік

есімдік

одағай
, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш,
шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық
терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл
жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол –
қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы
оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау»,
«дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз
маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым-тілші,
әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923
жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны 
Орынбор
, Ташкент 1922 жылы
қалаларында салтанатты түрде аталды. 
С.Сәдуақасов

С.Сейфуллин

М.Әуезов
,
М.Дулатұлы

Е.Омаров
 сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап,
Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен
қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет
туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін
бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ.
Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған
пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды,
құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет
энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ
ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ
әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы
шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің
очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-
мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-ның қоғамдық қызметін қорытындылады.
Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып,
ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі
түркітанушы, академик А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың
биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсынұлының толық
өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның
қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі,


этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы
көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге
Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, 
Қостанай мемлекеттік университеті
Байтұрсынұлының есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған
мерейтойы салтанатпен атап өтіліп 
Алматы
қаласынданда республика ғылыми
конференция өткізілді, Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
[7]
Туған жері — бұрынғы 
Торғай
 уезінің 
Тосын болысы
(қазіргі 
Қостанай облысының
Жангелдин ауданындағы
Ақкөл ауылы).
1882

1884
жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890
 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 
1895
ж. 
Орынбордағы
мұғалімдер мектебін бітірген.
1895

1909
ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-
қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909
 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне
жабылып, 
1910
ж. жер аударылды.
1912
 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913
 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 
1917
жылдың аяғына дейін
оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс
Хронология
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет