Ахмет Байтұрсынұлы Алматы мұражай-үйі, 1998
күшейеді.
1918
-
19
жж.
Алаш Орда
қатарында болады.
1919
ж.
маусымның 24
Қазақ өлкесін
басқаратын Әскери-революциялық
комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922
-
25
жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби
комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-
нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925
-
29
ж. Қазақ халық ағарту институтында (
Ташкент
) және ҚазПИ-де оқытушы
болды.
1929
ж.
маусымында
қамауға алынып өзі
Архангельск облысына
жер аударылған,
ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1934
ж. Қызыл Крест комиссиясында
қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет
Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға
қайта оралған.
1937
ж.
тамыз
айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға
алынған, алты айдан соң,
желтоқсанның 8
«
халық жауы»
есебінде атылған.
Сәкен Сейфуллин
баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап,
құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын
жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ
Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния
соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық
іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды…
халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге
тікті.
Мұхтар Әуезов
былай депті:
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған
әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ»
газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім,
саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих
ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер
бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан
өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге
арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген
жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға
салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық –
күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын
төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз
халқымен қайта табысты.
[8]
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші
халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға,
білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге
шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-
шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
[9]
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында
1909
ж.
Санкт-Петербургте
жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы
елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді
мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына
сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы —
«Маса»
(1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде
ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты
кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес
болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік,
демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.
Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.
«Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға
түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі
сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше
өзгеріс әкелді.
Шығармалары
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910
жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.
Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі
бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық
сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін
қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ
дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай
жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ
жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын
түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол
кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара
танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат
етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының
баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының
[10]
әліппесі «Оқу құралы»
деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі
кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет
Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі
енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы
тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып
жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы
емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым
саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып,
зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл
Достарыңызбен бөлісу: |