Ахмет Байтұрсынұлы 5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыАқкөл ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Алаш партиясын құру туралы мәселесі 1917 жылдың 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезінде талқыланды. Алдымен Ә.Бөкейхановтың басшылығымен партияның облыстық ұйымдары құрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы - Халел Ғаббасов), Омбыда (төрағасы - Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы - Әлихан Бөкейханов) партияның облыстық комитеттері ұйымдастырылды. Осылайша, жаңадан құрылған партия "Алаш"деп аталды. Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы "Қазақ" газетінің 251 нөмірінде жарияланды. Бағдарлама бойынша Алаш партиясы қазақ облыстарын, қазақ халқын біртұтас мемлекетке біріктіруді және Ресей Федерациясының құрамына автономдық негізде кіруді қолдады. Алаш партиясы Қазақ ұлттық мемлекетін құруға, қазақ қауымының депутаттарын Құрылтай жиналысына сайлауға және т. б. белсене қатысты.

Алаш партиясының көсемдері Қазақстанды езгіден құтқару және бірнеше жүз жылдар бойы Ресей империясының отары болған елінің мемлекеттілігіне қол жеткізу мақсатын көздеді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар.

Ақынның «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 ж. Санкт-Петербургте жарык көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер кайратын, бiлiмiн жумсайды. Ақын әрбiр аудармасының сонына өзiнiң негiзгi ойын, айтайын деген түйiндi мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тiршiлiгiне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.