3.Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет.
Біз әрдайым түркі әлемінің ортақ ұлы тұлғаларына қарыздармыз…
Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пікірінің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың басындағы қазақтар арасында ең маңызды зиялылардың бірі. Байтұрсынұлы қазақтың тәуелсіз болуын, мәдениеті мен өркениеті арқылы заманауи елдердің қатарынан орын алуын армандаған зиялылардың көш басында болды. Мақсатына жетудің бірінші шарты білім екенін түсініп, саналы ғұмырының елеулі бөлігін білім саласына арнады. Ұзақ жыл ұстаздық етті, мектепке қажетті кітаптарды өзі жазды. Сонымен бірге қазақ фольклорын жинақтап, басып шығару арқылы қазақ мәдениетін сақтап, ұрпаққа жеткізуге күш салды.
Ол қазақ тілі мен әдебиет ғылымының көшбасшысы болды. Оның осы саладағы маңызды еңбектерінің бірі – араб әліпбиі негізінде жасаған қазақ әліпбиі. Сөйтіп, қазақ диалектісінің өз алдына жазба тілге айналуына жол салды. Оның тағы бір маңызды жұмысы – шет тілдерінен енген терминдердің қазақша баламасын табу. Қазақтың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік ізін қалдырған «Қазақ газетінің» ұзақ жылдар редакторы болды. Ол – қазақтың тұңғыш тәуелсіз партиясы «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі.
Қазақ әдеби ортасының қалыптасуына, ұлттық-әдеби ойдың өркендеуіне қазақ ғылыми-қоғамдық ой-өрісі тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі зор.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаған адам. Байтұрсынұлының еңбектері өте көп зерттеуді қажет етеді. Қазақтың қоғамдық өмірін дамытуға бағытталған зерттеулер, әліпби терминдерін, тіл үйрету әдістемесін, фольклортануды, қазақ грамматикасы мен әдебиетін қамтиды. Қазақ грамматикасы мен әдебиеті терминдері жөніндегі зерттеулер де А.Байтұрсынұлына тиесілі.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымы жөніндегі еңбектерін профессор Вахит Түрік былайша жіктеді:
1. Әліпбиге байланысты зерттеулер
2. Мектептерге арналған оқулықтар
3. Жазу, емле терминологиясын зерттеу
4. Халық тәрбиесі мен мәдениеті туралы зерттеулер.
Бұл аталғандардың әрқайсысы жеке тақырып болғандықтан, біз бұл мақалада тек бөлімдер туралы ақпарат бердік. Ахмет Байтұрсынұлының ең көп ізденістері мен қызметі білім беру саласында болды. Бірақ сол кезде бүкіл түркі әлемінде басталған әліпби ауыстыру, әліпби реформасы мәселесінің маңыздылығы сонша, Байтұрсынұлы да бұл талқылауға өте жақын араласып, өз ұсыныстарын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |