Айналма (ценуроз). Бұл ауруды иттің аш ішегінде паразиттік тіршілік ететін Multiceps multiceps таспа құрттың балаң құрты (жылауық) - Coenurus cerebralis туғызатыны белгілі. Айналма жылауығы миға механикалық қысым түсіріп, көру орталығының қызметін бұзады. Соның салдарынын көздің көру жүйкесі ісінеді. Жылауықтың мида орналасуына байланысты көздің көруі біржақты бұзылып, оң немесе сол жақ көзі көрмей қалады.
Емі. Оперативті. Операция жасап, мидағы жылауықты алады.
Пироплазмозда, нутталиозда, трипаносомоздаконъюнктиваға қан құйылып, ол қызыл түске боялады.