Созылмалы катаральді конъюнктивит. Катаральді конъюнктивиттің баяу дамитын түрі. Пайда болуының негізгі себебі конъюнктиваға физикалық, химиялық факторлардың жағымсыз әсер етуі. Мал қорасы ауасында аммиак мөлшері мен шаң - тозаңның шамадан тыс көптігі көздісозылмалы катаральді конъюнктивитке шалдықтыратыны белгілі. Ыстық, ылғалды немесе құрғақ қорада ұсталған малдардың көзінде де бұл ауру дамиды. Келесі себептері тітіркендіргіш дәрілердің әсері (формалин), витаминдердің жетіспеуі (құстарда А витамині). Кәрі немесе өте арық малдарда көз алмасының солып көз шарасына түсуіне байланысты конъюнктива кеуіп, конъюнктивит дамиды.
Белгілері. Жіті катаральді конъюнктивиттен айырмашылығы клиникалық белгілер айқын емес. Конъюнктиваның ісінуі, аурушаңдық, жергілікті қызуының көтерілуі онша байқалмайды. Мал жарықтан жасқанбайды. Конъюнктива кебу, көкшіл түсті. Созылмалы катаральді конъюнктивит біртіндеп қабақтың айналуы, керато – конъюнктивит сияқты асқынуларға соқтырады.