Ахметжанова Гульмира Амангалиевна Әлеуметтік ғылымдарың магистрі



Дата25.08.2017
өлшемі102,96 Kb.
#26373


УДК 001.81

Филология

Тіл білімі

Ахметжанова Гульмира Амангалиевна

Әлеуметтік ғылымдарың магистрі,

«Қазақ және шет тілдер»

кафедрасының оқытушысы

Алматы қ.

Казахстан
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОНЛАЙНТЕСТІЛЕУ

  

Түйіндеме



Оnline-тестілеу жүйесі өз бетінше жұмыс жүргізу түрлерінің бірі ретінде берік және саналы білім қалыптастыруға бейімдейді, әрбір білім алушыға оған қолжетімді деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді,  білім деңгейін сапалы деңгейде толықтырғанды бақылауға бейімдейді. 
Тірек сөздер: шетел тілдері; Онлайн тестілеу; сынақтарын құру; бақылау.
ONLINE  TESTING  AS  MEANS  OF  PERFORMANCE  RATING  AT  THE  ENGLISH  LANGUAGE  LESSON
 Abstrack

The  system  of  online  testing  as  a  form  of  independent  learning  facilitates  sustained  knowledge  allows  a  student  to  work  in  a  convenient  manner  and  provides  adequate  assessment.  Test  usage  at  the  lessons  of  the  English  language  helps  to  differentiate  and  to  individualize  the  process  of  learning,  to  bring  in  a  timely  correctional  work,  to  fairly  assess  and  manage  the  quality  of  training. 
Keywords:  foreign languages; online-testing; test creation; control.
Ағылшын тілі сабақтарында тестілерді пайдалану оқытуды дараландыруға және саралауға, оқыту үрдістерінде уақтылы түзеу жұмыстарын жүзеге асыруға, оқыту сапасын бағалау және оларды басқару туралы шынайылықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру аясында аса кең түрде таралған. АК-технологияны пайдалану  шет тілін оқыту үрдісін қалыптастыруға мүмкіндік береді:



  • тұлғалық-бағдарлы:  оқыту қарқынының жекеленген блім берудің дараланған және траекториясын құру есебінен:  мысалы, білім алушылардың оқытушының көмегі немесе өзіндік білім алу кезінде әртүрлі тілдік және сөйлеу транержерларын пайдалана отырып,   БМЕ-ге өзінің дайындық жоспарын құруына мүмкіндік болады;

  • интербелсенді:  білім алушыларда өзінің әрбір білім алу әрекетінде, оқытушының сыныпта қамтамасыз ете алмаймайтын жағдайда, білім алушының сабақ кезінде үйде болуына байланысты сол сәтінде жауап алуына мүмкіндік болады; 

  • әрқилы:  сөйлеу және тілдік біліктілік пен дағдыларды сапалы қалыптастыруда сөйлеу барысында тілдік бірліктерді көптеп қолданбау мүмкін емес, сондықтан да білім алушы жаттығу тапсырмалары аясында өзінің әрекетін бірнеше қайтара қайталауы тиіс.  АКТ  пайдалану бұл жұмыс барысын жоспарлы және әрқилы етіп істеуге мүмкіндік береді  [7,  б.  218];

  • коммуникативті:  тілдік жұмыстарды пайдалану, сондайлық оқу чаттары мен блогтарында шет тілінде қарым қатынас жүргізу, жазбаша және ауызша араласу жағдайына ынталандырады;

  • түпнұсқалық тілдік материалдарға негізделінген:  білім алушылар өзге тілдік түпнұсқалық қорларға іс жүзінде шектеусіз қолжетімдікке, оның ішінде Ғаламторда орналасқандарды аудио және бейне материалдарды, пайдалана алады.  Олар осы материалдарды өзіндік жұмыстар кезінде, қашықтықтан оқытуды, жобаларды дайындауда және т.б. пайдалана алуы мүмкін;

  • оқытушыға аздап бағдарланған және білім алушының көзқарасы тұрғысынан автономды:  білім алушылар тілдік онлайн-қауымдастықтарына қатысады және оларды дамытуға тек сөйлеу дағдылары ғана емес, сонымен қатар оқу ынтымақтастығы және жалпы оқу біліктіліктері бейімдейді, топтардағы және екі адам желілері бойынша тапсырмаларды орындайды  [5,  б.  34].

Білім алушылардың білімін бақылау оқу үрдісінің бөлінбес бөлігі және педагогикалық жүйенің маңызды компоненттері, білім беру сапасын бағалаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.  Бұл оқыту үрдісін құрайтын маңызды бөлік болып табылады. Бақылау мақсатында білім алушылардың бағдарланған материалдарды меңгеру сапасын анықтау, олардың білімдерін және біліктіліктерін диагностика жүргізу және түзеу, оқу жұмысына жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады [3,  б.  24].

Тәжірибе көрсеткеніндей ақпараттық Ғаламтор қорлар тілді білу деңгейін анықтауда, білімді бақылау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.  Коммуникативті және мәдениаралық біліктілікті меңгеру материалдарды меңгеру сапасының нәтижелерін дәл бағалаусыз мүмкін емес.  Шет тілі сабағында Ғаламтор қорларын пайдалану осы жағдайда орнын ауыстыруға келмейді:  Ғаламтордың виртуальды ортасы өзінің білімін бағалау және тексеру мақсатында онлайн-қорларды түпнұсқалық түрінде қолдану мүмкіндігін пайдалана отырып, уақыт және кеңестік аясына шығуға мүмкіндік береді [2,  б.  176].



Заманауи әлемнің нақтылығы Web2.0. пайдалана отырып, білім алушылардың білімдерін тексеру үшін Ғаламтор қорларды қолдануға мүмкіндік тудырады. Қазіргі заманғы оқытушы білімнің сапасын бағалауды жүргізу көмегімен, онлайн-тестілерді өз бетінше құру мүмкіндігі бар.  Олардың ішінен кейбірін қарастырамыз:

  • http://www.examenglish.com/  — IELTS,  TOEFL,  TOEIC,  CAE,  FCE,  KE,  PET халықаралық емтихандарын тапсыруға дайындау үшін тестілерді тегін жинақтауды ұсынады.

  • http://www.testden.com/  — TOEFL  и  TOEIC халықаралық емтихандарға дайындау үшін тестілерді және жаттығу тапсырмаларын жинақтаумен білім беру қорларын көрсетеді.

  • http://www.englishteststore.net/  — TOEFL,  TOEIC,  GRE,  SAT,  GMAT халықаралық емтихандарына дайындау үшін бірқатар тестілерді, грамматика, лексика, сөйлеу, оқу бойынша әртүрлі деңгейдегі тестілерді таңдауды ұсынатын тегін онлайн-қорлар.  Ұнаған тестарды онлайн режімінде орындауға болады.  Аталған жағдайдың негізгі кемшілігі  нәтижелерді жедел бағалаудың болмауы. 

  • http://www.macmillan.ru/eg/  - тіркеуді талап етеді. Білім алушылар және оқытушылар үшін ыңғайлы қорлар БМЕ және МҚА тапсыруға даярлау.  Нәтижелерді жедел тапсыру онлайн режімінде байқау тестарынан өтуге мүмкіндік береді.

  • «Мастер-Тест»  (http://www.energobud.net).  Тестілеуді өткізу үшін тегін онлайн-қорлар.  Қызмет мүмкіндіктері бойынша “Tests  Online” электронды тестілеу жүйесі тиімді.  Айырмашылығы білім алушыларды оффлайн режімінде білім сапасын бағалау кезінде тестілеуді өткізуге құрылған тест болып табылады.

  • Көпқызметті онлайн құрастырушы  “Online  Test  Pad”  (http://onlinetestpad.com) тестісі.  Білім алушылардың меңгерген білімдерінің сапасын анықтау және жауаптарының сапасын зерттеуді, жауаптардың бағалау шкаласын жеклей орналастыру, пайдаланушыларға тестілеуді өткізу, тестілерді құрастыру көмегімен тегін  онлайн-қорлар.

  • Ақылы онлайн-қорлар  “Give  Test”  (http://igivetest.com/rus)  білім алушылардың білім сапасын бағалаудың берілген өлшемдері бойынша есептерді құру, Ғаламтор желісінде тестілеуді өткізу, тестарді құру үшін толықғымен шешімдерін көрсетеді.

  • «Сенің тесің»  (http://make-test.ru) тестілеуді құру және өткізу порталы.  Білім алушылардың жауаптарының нәтижелерін алу, пайдаланушыларды тестілеуден өткізу, құрастырылған тестің көмегімен тегін онлайн-қорлар  [4,  б.  80].

Осы тәрізді әртүрлі тілдің аспектілеріне қатысты дайын онлайн-тестары ұсынылатын бірқатар қорлар бар.  Аталған қорлар үйде орындалатын өзіндік жұмыстар ретінде, сонымен қатар сабақ үстіндегі жұмыстарда пайдаланылуы мүмкін:

  • http://www.englishtag.com/  — A1-C2 деңгейінде тілді меңгергенін тексеру үшін және басқадай пайдалы материалдарды тестар қатарын ұстанады.

  • http://www.english-test.net/  —  тілді меңгерудің әртүрлі деңгейлерін есепке ала отырып, тестардың лексика, грамматика, оқу, сөйлеу, тыңдау бойынша көптеген жағдайда қорлар Englishstore.net ұқсайды.

  • http://www.testpreppractice.net/  — халықаралық емтихандарды тапсыруға дайындалушылар үшін тест, жаттығу тапсырмалары және оқытылатын материаллар онлайн-тестар. 

  • “Tests  Online”  (http://www.tests-online.ru) электронды тестілеу жүйесі.  Білім алушылардың жауаптарының нәтижелерін алу, пайдаланушыларды тестілеуден өткізу, құрастырылған тестің көмегімен тегін онлайн-қорлар.

Шет тілін үйренуге ынтаны айтарлықтай арттыратын онлайн-тестілеу.  Білім алушылар аса белсенді түрде қатысады, тіпті әлсіз білім алушылар жоғары бағалауға ұмтылады, кейде тестілеуді бірнеше рет тапсырғанымен белсенді жұмыс істейді.

Сондықтан да онлайн-тестілеу оқу материалдарын білім алушыларға меңгертуде бақылау әдістемесін дамыту жолында айтарлықтай қадам болып табылады.  Онлайн тестілеу ағылшын тілі сабақтарында оқытудың нәтижелерін бағалау әдісіне негізделінген көптеген интуитивті және субъективтік көптеген бағалауларда басты өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1,  б.  27]. 

Алайда басқа да кез келген жаңадан енгізу бұл қадам педагогикалық сараптамалар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, қатаң ғылыми базада жүзеге асыруы тиіс. 

Тестілеу бақылаудың дәстүрлі әдістерін ауыстыруға тиісті емес, кейбір жағдайда толықтырылуы тиіс.  Шет тілін оқытушылар жұмыста онлайн-тестілеуді қосуларына болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Андреев А.Б. Компьютерлік тестілеу: Студенттердің білімін сапасын бағалау үшін жүйелі тәсіл. // 2001. - 164 б.

2. Антропов М.В. Педагогика: Оқулық. М:. Білім, 2008. - 176 б.

3. Апанасенко  Г.А Педагогика // бақылауды үйрету. // 2008. 23-25 б.

4.Горовая  Т.Ю.  Қазіргі заманғы компьютерлік тестілеу жүйесі: аналитикалық шолу // - 2013. - б. 79-81.

5.Кабанова  Т.А.,  Новиков  В.А.  Қазіргі заманғы білім беру саласындағы тестілеу., 2010. - 384 б.

6.Климова  В.И.  Педагогика:  оқулық. М: Білім, 2008. - 192 б.

7.Кузьмина  М.Ф.  Педагогика: Оқулық. М:. Білім, 2009. - 288 б.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет