Ахметжанова Кымбат Серикханкызы
Педагогика ғылымдарының магистрі. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданының психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДА ЕРТЕГІНІ ҚОЛДАНУ.
Адам дамуының маңызды бөлігінің бірі – тілдің қалыптасуы. Баланың тілінің дамуына алғашқы күннен бастап көңіл бөлу қажет. Бірақ баланың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуын дұрыс тәрбиелеу үшін оның даму барысындағы физиологиялық, морфологиялық өзгерістерді түсіне білу міндет. Бұл баланың сөйлеу тіліндегі ерте кемістіктерді анықтауға береді, және түзету жұмыстарын ерте бастан қалыптастыруға болады. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ойлау қабілетін дамытатын, білім алуға, дағдыларды арттыруға мүмкіншілік беретін құрал. Бала тілінің дамуы оның қоғамда тәрбиеленуі арқылы қалыптасады. Сөйтіп баланың тілінің дамуы, оның ақауларының ерте анықталуы – ата-анасының, тәрбиешілердің, логопедтердің міндеті. Баланың сөйлеу тілінің дамуындағы жетіспеушіліктердің себебін және деңгейін дұрыс анықтау келешекте дұрыс сөйлей алу мүмкіншілігін туғызады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылысының себептері тек ауыр түрдегі бұзылыстардан емес, әр түрлі ұсақ моториканың жетіспеушіліктерінен, өарым-қатынастың дұрыс жүргізілмеуінен де кездеседі. Тіл мүкістігі және оның әр түрлі патологиясы жайлы біршама зерттеулер жүргізілген болса да жалпы сөйлеу тілінің бұзылысы тән балалардың сөз құрам жасау, мазмұндау дағдыларының кемістігі өте жиі кездеседі және ол туралы әдебиеттер де жеткіліксіз.
Жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері Қ.Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А. Никашина, Н.А. Чевелева т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талдау негізінде, дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрау, сөзжасамының дамыған жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік. [1,б.48].
Белгілі психолог ғалым Л.С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын түсінуге тырысатындығын көрсетеді. Баланың алғашқы сөздерді түсіне бастағаннан-ақ оның ортамен тілдік қатынасы қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына күшті әсер етеді. Әрбір сөз - баланың ақыл-ойының дамуына маңызды екенін айтады.
Адам баласы дүниеге келе сала сөйлеу тілін мүлдем білмейтін қалыпта болады. Өсе келе бала қоршаған ортасына сай сөйлеу тілін ие бола бастап, қарым-қатынасқа түсе бастайды. Алдымен ауызша сөйлеу тілін үйренсе, кейіннен жазбаша сөйлеу тілімен ұштастырады.
Бала үшін бұл аса маңызды міндет. Себебі, адам баласы қаншама ұзақ уақыт бойы, ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар құрастырған тілді толығымен қамтуға тырысады.
Қазіргі уақытта жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілі бойынша зерттеулер жоқтығын, ғылыми зерттеулер нәтижесінде негізделіп, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен, аталған балалардың тіл кемістіктерін түзету әдістемесінің жоқтығын ескерсек, жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілін зерттеу өзекті маңызды мәселе екені анық.
Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз ойсыз толық мәнінде ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.
Демек мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген ынтасын мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу үрдесінде үздіксіз дамыту сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ертегіні қолданудың орны ерекше. [2,б.4].
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың өз ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар:
1.Негізгі іс-әрекет түрі өзгереді: оқу негізгі іс-әрекет болып табылады, бірақ ойын элементтері де оқумен бірге жүруі мүмкін.
2. Сабақтың ойын түрі сабақпен алмасады.
3.Егер, мектепке дейінгі жаста барлық жұмыс отбасы, тәрбиешісі арқылы жүзеге асса, онда мектеп жасында логопедиялық әсер ету мұғаліммен бірге іске асады.
4.Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілінің барлық элементтері ойын әрекеті үрдісінде логопедке еліктеу негізінде тәрбиеленеді, мектеп жасында кемістігін жеңуге саналы түрде бағыт беру, өз бетінше сөйлеу тілінің жаттығуларын орындауға үлкен назар аударылады.
5.Көмекші (қосымша) психотерапиямен бірге, рационалды психотерапия кеңінен қолданылады.
6.Сөйлеу тілінің материалдары мен логопедиялық сабақтың түрі мектеп тәжірибесімен жақындайды.
Қазіргі уақыттағы логопедия жетістіктері сөйлеу тілін түзету барысында тек жаттығулармен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар, сабақтар жүйесімен бірге баланы оңалтып тәрбиелеу қажеттілігін көрсетеді [5, б.128].
Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (намнез жинақтау).
Ата-аналарының береген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.
Сөйлеу тілі ақаулықтарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптаспауына ортаның қандай ықпал тигізетіндігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедпен бұрын дәріс алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек.
Егер бала бұған дейін балалар мекемелерінің қайсы біреуінде тәрбиеленген болса, онда ата-ананың берген мәліметтері педагогикалық мінездемемен толықтырылды.
Тексеруге кірісерде логопед ең алдымен баланың сөйлеу тілінің толықтығымен, анықтылығын, ырғақтығын, жатықтығын толығымен түсініп алу керек [2,б.48].
Сұраққа жауап беру, бейнелі сурет бойынша әңгімелеу, ойға тоқыған әңгімесін еркін сөйлеп берукездерінде логопед баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында ақаулықтың бар-жоқтығын және сөйлеу тілінің жалпы анықтылығын, оның шапшаңдығын, жатықтығын, естіген әңгімесін өз сөзімен қайталап айтып бере алатындығын, әңгімелеу кезінде сөйлемнің қандай түрлерін пайдаланатындығын, сөйлем құрастыруда, сөз таңдауда оларды орнымен қалай дұрыс пайдаланатындығын, сөйлемнің грамматикалық құрылысында сараланбаушылықтың (аграмматизм) бар жоғын, сонымен қатар баланың ой-өрісінің дамуы туралы да, мағлұмат алынып, болжау жасалады.
Баламен алдын-ала әңгімелесу кезінде оның дыбыстарды айтуын қаншалықты меңгергенін және қандай ақаулықтарын бар екенін алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Бірақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ақаулар ерекшеліктерін дәл анықтау үшін оларды арнайы және егжей-тегжейлі тексеру қажет. Дыбыстардың айтылуын зерттемес бұрын баланың баланың сөйлеу тілі мүшелерінің жағдайын тексеріп алу керек. Сөйлеу тілі мүшелерінің құрылысындағы немесе қозғалту қызметіндегі болмашы ақаулықтардың өзі сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауын тежеуі мүмкін. Кейде бұл бұзылулар басқа жағдайларда онша білінбейді, олар негізінде сөйлеу мүшелерінің құрылысын және қимылдарын мұқият тексергенде анықталады [3, б.63].
Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың сөйлеу тіліндегі белсенділігін және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын арнайы тексеруді керек етеді.
Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады. Баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің тигізетін әсері зор.
Логопед жан-жақты даярлығы мол болуымен бірге, сабақты оқушыларға қалай ұғынықты жеткізу жолын үнемі іздестіріп отыруы қажет. Тілді толық меңгерулері оқушылардың тексті түсініп, әрі мәнерлеп оқи білуіне байланысты. Сонда ғана оқушылар кез келген кітап, газет-журналдарды мәнерлі түрде оқи алатын болады. Мұның өзі – шәкірттің ой-өрісін дамытудың, басқа білімдерді игеруінің де алғы шарты. Бұл жағынан, әсіресе, әдеби шығармаларды оқудың маңызы зор. Көркем шығармаларды оқу арқылы бала тарих пен бүгінгі өмір сырларын ұғынады. Ол үшін оқушыны кітап – көркем шығарма оқуға ыталандыру, оқибілуге үйрету. Ол үшін пәннің ғылымдық түсініктерін оқушыға ұғымды етіп жеткізе білудің зор мәні бар. Сонда ғана әрбір тақырыпты өткен сайын оқушының сабақ мазмұнын меңгеру қабілеті артып, сөз байлығы молаяды және кітап оқуға қызығуы арта түседі. Әрине бұл логопедтің сабақ жүргізу әдістерін әрдайым жаңашылдықпен жетілдіріп отыруын қажет етеді. Оқылған текстің мазмұнды, қызықты, тартымды болуы логопедтің сұрақты шығарманың идеялық мақсатына сай дұрыс іріктеп қоюына байланысты болады. Сұрақ оқушыны ойландырып, әңгіменің мазмұнын, идеясын айқындауға бағыттайтын болуы тиіс. [5,б.48].
Баланың сөздік қорының аздығы әр құбылысты, затты өз атымен атамайтындығы, көбінесе сол зат пен құбылыс туралы ұғымының күңгірт, бұлыңғырлығында. Оқушы бойындағы мұндай кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір ұтымды тәсілі – бала санасының ұғымды нақтылау.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады.
Ал қазақ тілінде жиналған ертегілердің көбінде әлі ертекші орны еленбей, ескерілмей, олқы келген. Сол себепті ертегінің мазмұнына, әңгімесіне ғана қарап, тіл, түр өзгешелігінің көбін де елемей келгендік бар.
Мектепке дейінгі жас жалпы тіл кемістігі үшін аса үлкен орын алатын кезең. Осы сәтте тұтығудың теориялық білімін зерттеп, алдын алудың жан-жақты әдістерін қарастырып, жұмыс жасау керек. Қандай болсын ақау ерте түзетіле басталса, солай алдын алу жеңілдірек болады.
Бүгінгі таңда жалпы тіл кемістігі мәселесін көптеген ғалымдар, психологтар, дефектолог мамандар зерттеп келе жатыр, бірақ осы біздің қолданылып отырған әдісіміздің жаңашылдығы ол жалпы тіл кемістігін халық ауыз әдебиеті соның ішінде ертегі арқылы түзету.
Жалпы тіл кемістігін түзету үшін, осы түзету жұмысы тиімді нәтиже беру мақсатында дұрыс тексеру әдісін таңдау тиіс. Біздің зерттеу жұмысымызда қарастырылған Фотекованың ауызша сөйлеу тілін зерттеу әдісі баланың жалпы тіл кемістігін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Логопедиялық сабақта жүргізілген ертегі әдісіне 5 оқушы қатысты, зерттелушілерде жалпы тіл кемістігі диагнозы бар. Бұл әдісте жалпы тіл кемістігі бар баланың сөйлеу тілін түзету ертегі процесі барысында жүзеге асырады.
Эксперименталды жұмыс үш кезеңнен тұрды:
Деректеуші эксперимент – біріншілік диагностика.
Қалыптастырушы (үйретуші) эксперимент.
Екіншілік диагностика (2 срез).
Деректеуші эксперимент (біріншілік эксперимент) Фотекованың тексеру әдістемесі бойынша тексердік:
Сенсомоторлық даму деңгейін анықтау;
Моториканы тексеру;
Дыбыстың дыбысталуын тексеру;
Сөздік қорды тексеру;
Грамматикалық қатарды тексеру;
Байланысқан сөйлеу тілін тексеру;
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеру;
Ойын іс-әрекетін тексеру;
Қалыптастырушы экспериментте Т.А.Фотекова әдісінің негізінде ертегі арқылы жүзеге асты.
Түзету жұмысы логопедия тіл дамыту сабақтарында жүзеге асты . Осы сабақтар негізінде мақсатымыз бойынша әдістемелік-нұсқауымызды қолдандық.
Жұмыс соңында алдымызға қойылған мақсатымызға жетіп, тұжырымдаған болжамымыз іске асқанын анық көріп отырмыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселері. /Под ред. Қоңыратбаев А.С. Алматы., 1984
2. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі// Отбасы және балабақша, 2006. - № 57.- 14-15б.
3. Арғынов Х. Қазақ тілінің методикасы. –Алматы, Мектеп, 1974. – 295б.
4. Будницкая И.И. Предметное содержание рисунков и рассказов на заданную тему у учащихся массовом и вспомогательной школы.М., 1961
5. Гнездилов М.Ф. Развитие устной речи у мственно отсталых школьников М., Учпедгиз,1974
Достарыңызбен бөлісу: |