Сенің Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сенің төрелігіңе
жүгініп, кейін берген төрелігіңнен іштей ешқандай мін таппай толық
бойсұнғанға дейін мүмин бола алмайды».
Ниса сүресі, 65 аят
Шындығында мұсылмандар жоғарыда келтірілген аяттарға сәйкес, бүкіл
тіршілігінде Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһ
Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін (жолын) негіз тұтып, ондағы
үкімдерді құрметтеп қабылдайды. Сонымен қатар, дін үкімдерін надандық және
нәпсіқұмарлық негізінде бұрмалап, хадистерге жалған түсінік бермейді.
Олардың түсініксіз жерлеріне мұқият қарап, білмеген немесе білімі жетпеген
сәтте оны дұрыс ұғыну әрекетін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |