Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
annotation129503

20

   

                                                                                                    

Қазақ тарихы  

№8 (165), қазан, 2018

саясат ұстану керек – осының бәрі батырдың Ресей 

басшыларына  қойған  кей  сауалдарынан  көрініп  тұ-

рады.  Қазақ  саясаткерлерінің  көпшілігі  қайткен  күн-

де  де  қалыпты  өмір  соқпағын  бұзбауға  тырысса, 

Бөгенбай сияқты батырлар өзгерістердің болмай қой-

майтынын аңдаған.

Би-батырлардың  ішкі  саяси  қызметінің  бел-

сенділігін  1734  жылғы  Ұлы  жүз  атынан  жүргі-

зілген  бодандық  келіссөз  құжаттарынан  да  кө-

реміз.

  Ұлыс  атынан  Төле,  Бөлек,  Сатай,  Қодар  би-

лер,  Қангелді  сияқты  батырлар  аты  кездеседі.  1740 

жылы  Ор  кездесуінен  Орта  жүздің  тағдырына  то-

лық  қатысы  бар  Нияз  батырдың  рөлі  аса  маңызды 

болды.  Деректер  бойынша  ол  Сәмеке  хан  тұсында 

Түркістан  алқабын  меңгерген,  Князь  Урусовқа  қазақ 

хандарының  шежіресін  баяндап  берген  білімпаз 

батыр әр халықтың ерекше табиғатын айыра біледі, 

ол  бір  сөзінде: 



«орыстың  ақылы  басы  мен  жүрегі­

нің  түбінде,  қазақтікі  көзінде»,–

  дейді  [9,  156-б.]. 

Көшпелілер дүниенің әр құбылысының сыртқы түріне, 

әшекей,  қызығы-шығына  көп  көңіл  бөлетінін  батыр 

дәл айтқан.

Сонымен  жоғарыда  баяндалған  тарихи  мәлімет-

терді  қортындыласақ.  ХVІІІ  ғасырдың  алғашқы  жар-

тысында батырлар институтының ішкі саяси жүйеде 

айтарлықтай  дәрежеге  ие  болғандығын  аңғарамыз. 

Демек, осы уақытта батырлар жай ғана қару асынған 

жауынгер  немесе  қолбасшы  ғана  емес,  мемлекеттік 

мәселелерде  сөзі  бар,  өзі  шешім  қабылдай  алатын 

әлеуметтік  құрылым  ретінде  пісіліп  жетілген.  Бұл 

дала  демократиясының өзіндік  құндылығы  бола тын. 

Г.Спасскийдің  деректеріне  сүйенсек,  қарастырып 

отырған  кезеңде  үш  жүзге  бөлінген  67  ру-тайпалық 

бірлестіктің  жиырма  бесінің  билік  басында  (37,3%) 

батырлар болған [11, 34-б.]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет