Ақымет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: Жобалай оқыту технологиясы Орындаған


Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат



бет2/2
Дата17.11.2022
өлшемі97,76 Kb.
#158727
1   2
Байланысты:
Бекжан

Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен іс-қимылдар қолданылады. Ондай іс-қимылдарға мыналар жатады:
1. Ғылыми таным әдістерін меңгеру ((талдау, салыстыру, ой-пікірлерді негіздеу, жинақтау, ой қорыту)
2. Оқушының өзіндік ізденіс іс-қимылдары (танымжорық, тәжірибелік әсқимылдар, ғылыми әдебиеттер оқу, нормативтік құжаттармен танысу, сұхбаттасу, ой-пікір бөлісу).
3. Жобалық оқытуды ұйымдастырудың формасы (пәндік үйірме, оқыту әдісі жобалау, оқыту формасы – жеке-дара және топтық).
Сонымен, жобалық оқыту әдісін пайдалану тиімді. Себебі, сыныптық-сабақ жүйесінің әлсіз жақтары бізге қосымша оқытуды ұйымдастыруға итермелейді. Өйткені, сыныптық-сабақ жүйесінде оқушының дара ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттерін танымдық деңгейден эвристикалық деңгейге көтеруге мүмкіндік болмайды. Сол сбептен де оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін қосымша білім беру қажеттігі туындайды. Бұл қажеттілікті осы жобалай оқыту әдісі арқылы іске асыруға әбден болады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007.
2. Э.Тұрдалиева, Ақынова Ж.Жобалау технологиясын қолдану әдістері. Қазақ тілі мен әдебиеті.
3. Абдиева Ш.Д. Жобалау әдісін қолдану арқылы тіл үйренуге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыру
4. Сатбекова А.А. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет