«Расында, қабірдің қысымы бар. Егер одан біреу құтыла алғанда, онда, сөзсіз, Сағд ибн Муғаз құтылар еді» , – деп айтқан
2
.
Қабір азабына қатысты дәлелдер
а) Құрандағы дәлелдер Құранда қабір азабының болатынын баяндаған көптеген
аяттар бар. Мәселен, төмендегі екі аяттың қабір азабына қатысты
айтылғанына ғұламалар бірауызды пікірде болған. Әрі бұл
аяттарды имам әл-Бұхари «Жаназа» кітабының «Қабір азабына
қатыстылар
бабында»
келтірген.
Онда
Аллаһ
тағала:
« (Мұхаммед!)
Егер залымдарды өлім арпалысында періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен