төсеңдер, оны жаннаттан киіндіріңдер және оған жаннатқа қарай есік ашыңдар!» – дейді. Және де оған (жаннаттың)
лебі мен хош иісі келіп тұрады. (Сонымен қатар)
оған қабірі көзі жеткен жерге дейін кеңейтіледі» , – деп айтқан.
Яғни мүміндерге қабірден қорқудың қажеті шамалы.
Жоғарыдағы сүйінші хабар осыны аңғартады. Бұл азаптан
қорқуға мүміндерден гөрі кәпірлер мен мұнафиқтар лайықтырақ.
Өйткені мүміндер туралы Аллаһ тағала:
«Олар үшін қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды» 2 , – деген.
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) пенденің іс-амалымен
жолығуын баяндап:
«Оған көрікті жүзді, әдемі киімді, иісі жағымды бір кісі келіп: «Сені қуантатын (нәрсемен)
сүйін; Аллаһтан болар разылықпен және игілігі тұрақты