«Мен олардың есімдерін, әкелерінің есімдерін және аттарының түсін білемін. Олар – сол күндегі жер бетіндегі ең абзал атты әскерлер» , – деп айтқан», – деді» 1 .
52-белгі: Константинопольдің (Стамбулдың) қолға алынуы
Дәжжалдың шығуынан бұрын Константинополь қолға
алынады. Бұл жағдай мұсылмандар мен румдықтардың
арасындағы үлкен шайқастан кейін болады. Мұсылмандар бұл
шайқаста жеңіске жетіп, Константинопольға бет алып, оны
соғыссыз өздеріне бағындырады. Олардың қарулары тәкбір
(«Аллаһу әкбар» деген сөз) мен тәһлил («Лә иләһә иллаллаһ»
деген сөз) болады.