152
(жаңбыр)
жерді айнадай етіп жуады. Сосын жерге:
«Жемістеріңді өсір, берекеңді қайтар!» – делінеді»
, – деген
1
.
Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Тіпті бір сабақ
жүзім бір топ адамдарды тойдырады»
, – деген.
Иса пайғамбар жер бетінде жеті жыл қалады. Ол кезде соғыс
тоқтайды. Адамдардың барлығы иман келтіреді.
Ханзала (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Исаның Қағбаға қажылық жасайтынын
айтқан
2
.
Уақыт-сағаты жетіп, Аллаһтың әмірімен Иса дүниеден өтеді.
Оған мұсылмандар жаназа намазын оқиды. Адамдардың баяғы
бейбіт қалыптағы тіршіліктері жалғасып жатады. Алайда арада
біраз уақыт өткен соң адамдар арасында қайтадан күпірлік,
бұзақылық белең алады. Мүміндер азайып, кәпірлердің қарасы
артады.
Достарыңызбен бөлісу: