аларсыңдар» 1 , – деп баяндалған.
Сонда адамдар қабірлерінен түрегеледі. Олар өзара:
«Әттеген- ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» – деседі. (Оларға)
«Бұл – Мейірімді Аллаһтың уәдесі. Пайғамбарлар да шын айтқан», – (делінеді)
» 2 .
Барша мақлұқаттың бір жерге жиналуы
Аллаһ тағала Қиямет күнін «жиналу күні» деп атап, Өзінің
кітабында:
«Ол – адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол – әзір болатын бір күн» 3 , – деген.
Бұл
орында
әуелгілер
мен
кейінгілердің
барлығы
жиналатынын сипаттап:
«Сөзсіз, бұрынғылар да соңғылар да, әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады», – деп айт» 4 , –
деген.
Жаратылыс бастау алғаннан бері дүниеге келген әрбір мақлұқ
махшарға келеді. Яғни ол мақлұқ ғарышта өлсе де, жердің ең
шұқыр жеріне түсіп кетсе де, жыртқыш аң-құс жесе де, теңізге
батып өлсе де (қайда болса да), махшарға келтіріледі. Аллаһ оны
қайта тірілтуге Құдіретті. Бұл жайлы Аллаһ тағала: