әкесінен, әйелінен және балаларынан (қашады)
. Ол күні әркімнің өзіне жетерлік ісі бар» 1 ;
«Ей, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар және әкенің балаға себі тимейтін, сондай-ақ баланың да әкеге себі тимейтін күннен қорқыңдар! Күдіксіз Аллаһтың уәдесі хақ» 2 ;
«Біреу үшін ешкімнің қайыры тимейтін және одан шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен де өтеу алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен қорқыңдар!» 3 –
деген.
Төртінші: Бұл күннің азабынан құтылу үшін кәпірлер
қолдарында болған нәрсенің барлығын да беруге, тіпті бүкіл жер
беті соныкі болса, соны да беруге әзір тұрады. Бұл жайлы Аллаһ
тағала:
«Өзіне зұлымдық істеген әркім жер жүзіндегі нәрселер өзінікі болса да (мүмкіндік берілсе күнәсіне берілген азапқа)