«Ей, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды, отыны адамдар мен тастар болған тозақтан сақтаңдар» 3 , – деген.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің жақын туыстарын жинап:
«Ей, Кағб ибн Луәй ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Мурра ибн Кағб ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Һашим ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Абдулмутталлиб ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Мұхаммедтің қызы Фатима! Өзіңді тозақтан құтқар! Өйткені мен сендерге Аллаһтың алдында ешқандай жәрдем бере алмаймын» , – деген-ді
4
.
Егер адам Ақыретте өзінің туыстарына септігін тигізе алғанда,
онда сөз жоқ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз жақындарына жәрдем
берер еді. Бірақ ол күні біреу-біреуге қол ұшын беруі мүмкін
еместігін білген Пайғамбар (с.а.с.) алдымен туысқандарын
ескертіп: