жиналады. Оларды әрбір мекеннен қорлық басады» , – деген
2
.
Үшінші: Қиямет күні Аллаһ оны істегендерге тіл қатпайтын
әрі назар салмайтын күнәлар
Аллаһ тағала кейбір күнәларды істеген адамдарға Қиямет күні
тіл қатпайтыны әрі оларға назар да салмайтыны жайында хабар
берген. Олар:
1) Аллаһтың кітаптарында түсірген нәрсесін жасыратындар.
Олар туралы Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ Аллаһ түсірген Кітаптан жасырып, оны аз ақшаға айырбастағандар, солар қарындарына отты ғана жейді. Қиямет күні Аллаһ олармен сөйлеспейді де, оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші азап бар» 3 , – деген.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Кімде-кім бір нәрсе туралы сұралып, оны