кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Ол мені ағаштан қайтарғанда, асылық қылғанмын. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Нұхқа барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар)
Нұхқа барып: «Ей, Нұх! Сен – жер бетіндегілерге жіберілген алғашқы елшісің, Аллаһ сені шүкір етуші пенде деп атаған. Біздің қандай жағдайға жеткенімізді көрмейсің бе? Бізге Раббыңның алдында шапағат етпейсің бе?» – дейді. Сонда ол: «Бүгін Раббым бұрын-соңды кездеспейтін түрде қатты ашуланды. Менде (қабыл болатын)
бір-ақ дұға бар еді. Оны еліме қарсы дұға қылғанымда қолданып қойдым. Өзім... Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Ибраһимге барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар)