тасалап, жасырып: «Мына күнәңді білесің бе? Мына күнәңді білесің бе?» – дейді. (Мүмін)
: «Иә, уа, Раббым!» – дейді. Күнәларын мойындағанда, өзінше: «құрыдым!» деп ойлайды. (Аллаһ)
: «Сен үшін дүниеде (күнәларыңды жұрттан)
жасырған едім. Ал бүгін кешіремін!» – деп, жақсылықтар кітабы беріледі. Ал кәпірлер мен екіжүзділер болса бүкіл жұрт алдында: «Міне, бұлар – Раббыларына өтірік айтқандар. Аллаһтың қарғысы залымдарға тән!» 2 – деп масқара етіледі» , – деген
3
.
Үшінші: Пенденің кейбір сауапты істерді орындамағаны үшін
сұралуы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Қиямет күні Аллаһ тағала: «Ей, Адам баласы! Ауырдым, сен менің көңілімді сұрауға келмедің», – дейді. (Пенде)
: «Уа, Раббым! Сенің көңіліңді қалай сұрап бармақпын?! Өзің әлемдердің Раббысы болсаң?», – дейді. (Сонда Аллаһ тағала)
: «Сен білмедің бе? Пәлен деген пендем ауырғанда көңілін сұрап бармадың. Сен білмедің бе? Егер оның