231
құтылатыныңды білесің бе?» – дейді. Ол: «Жоқ!» – деп жауап
береді. Сонда ол: «Онда не деп күлесің?» – деген екен»
1
.
в) Мүміндердің сират көпірінен өтіп, екіжүзділерден
біржолата құтылуы
Ол жерде мүміндерге жарық нұр беріліп, сираттан өтеді.
Екіжүзділердің нұрлары сөндіріліп, оларға: «Арттарыңа қайтып,
нұр іздеңдер», – делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір
дуал орнатылады. Оның ішінде мейірім, ал сырт жағында азап
бар. Пенделер көпірдің үстінен иман дәрежелеріне қарай
жылдамдықпен өтеді.
Әбул-Ғизз әл-Ханафи «Тахауия ақидасы» атты кітабында
«Осы жерде мүміндер екіжүзділерден бөлінеді. Мүміндер алға
кетіп, екіжүзділер артта қалып кояды. (Араға) екіжүзділер
мүміндер жаққа өте алмайтындай дуал тұрғызылады. Абдуллаһ:
«Аллаһ Қиямет күні адамдарды жинайды. Олардың кейбірінің
алдына таудай нұр беріледі, кейбірінің нұрлары одан да
үлкенірек (етіп) беріледі, кейбірінің нұры оң қолына құрма
ағашындай беріледі, ал кейбірінің оң қолына одан кішірек (етіп)
беріледі. Ең ақырында берілгеннің нұры аяғының бас бармағында
болады. Ол (нұр) бірде жарық беріп, бірде сөніп тұрады. (Нұры)
жанса, ол аяғын басып жүреді де, сөніп қалса тоқтап тұрады», –
деген. (Пайғамбар (с.а.с.)):
Достарыңызбен бөлісу: