Аллаһтың елшісі! (Бұл дүниедегі оттың өзі де)
жеткілікті ғой» 1 ,
– дегенде, Пайғамбар (с.а.с.):
« (Жаһаннам оты)
олардан алпыс тоғыз есеге артық етілген, олардың әрқайсысы (бұл дүниедегі
оттың)
ыстығындай» , – депті
2
.
Тозақ отының жалыны ешқашан басылмайды. Аллаһ тағала:
«Мекендері – тозақ, ол толастаған сайын жалынын арттыра түсеміз» 3 , – деген.
Тозақтың бұл дүниеге әсері
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Тозақ Раббысына: «Раббым, бір бөлігім бір бөлігімді жеп қойды», – деп шағым айтқанда, (Аллаһ тағала)
оған екі (рет)
тыныс алуға рұқсат еткен. (Сөйтіп, ол)
қыста бір тыныс алады және жазда бір тыныс алады. (Бұл)
сендердің ең қатты ыстықты көрулерің және ең қатты суықты көрулерің» , – деген
4
.
Тозақ өте кең, оған тістері таудай, екі иығы аттылы адамға үш
күндік жолдай үлкейіп түскен кәпірлер мен мұнафиқтардың бәрі
сыяды. Тіпті оған күн мен ай сияқты үлкен-үлкен ғаламшар
сыйып кетеді. Пайғамбар (с.а.с.):