Пайғамбар (с.а.с.):
«Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күні жүз рақымшылықты қоса жаратты. Әрбір рақымшылықтың көктер мен жердің арасындай қабаттары бар. Ал жер бетіне бір ғана рақымшылық жасады. Оның ішінде ананың баласына деген жанашырлығы, аң-құстардың бір-біріне деген аяушылығы (бар)
. Қиямет күні болғанда оны қалған тоқсан тоғыз рақымшылықпен толтырады» , – деген
1
.
Аллаһ тағаланың мейірімі өте мол және ол мейірімі, әлбетте,
игілік істеушілерге бек жақын. Ол осы мол мейірімін жаннатқа
төккен. Демек, Оның мейіріміне жаннаттықтар бөленеді.
Жаннатқа бірінші болып кіретін пенде – пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.а.с.). Әрі оған кіретін үмбеттердің ішінде жаннат
қақпаларынан ең әуелгі енетіндер де оның (с.а.с.) үмбеті. Ал бұл
үмбеттің ішінде жаннат табалдырығынан алғашқы болып
аттайтын кісі – Әбу Бәкір Сыддық (Аллаһ оған разы болсын).