«Оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. Құлдарымыздан біреу тақуа болса, (Біз)
соны мұрагер ететін жұмақ осы» 4 , –
деген.
Осы аяттың мазмұнына сай «жаннатта таңертеңгілік және
кешкі мерзім бар ма?» деген сұраққа кейбір ғалымдар дәйектерді
қорыта отырып: «Жаннатта күн мен ай жоқ, түн де, күндіз де
жоқ. Бірақ таңертеңгілік пен кешкі мерзім Рахманның аршысы
тараптан көрінетін нұры арқылы ажыратылады», – деген.
Жаннаттықтардың ең әуелгі тағамы туралы айтсақ, Саубаннан
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, бір яһуди Аллаһ
елшісінен (с.а.с.): «Жаннатқа кірген уақыттағы олардың сый асы
не?» – деп сұраған. Пайғамбар (с.а.с.):