бақыттысы да бар. Сонда сорлағандар тозақта ыңыранып, шыңғырады» 1 , – деген.
Әрі ол күннің қиыншылықтарын адамдардың естеріне сала:
«Сол күні кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан (қашады).
Ол күні әркімнің өзіне жететін ісі болады» 2 ;
«Ей, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар! Расында, Қияметтің сілкінісі – үлкен нәрсе. Ол күні әр емізушінің емізуді қойғанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Және де адамдарды мас түрде көресің. Негізінде, олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты» 3 , – деп баяндаған.
Осы Тәңірі алдындағы қорқыныш пендені жаннатқа жеткізеді.
Аллаһ тағаланың Өзі:
«Раббысының алдында тұрудан қорыққан кісіге екі жаннат бар» 4 , – деп көрсеткендей, бұл
қорқыныш бізді жаннатқа жол табуымыз үшін ізгі іс-амалдар
жасауға ынталандырады.
Аллаһ тағала жаннаттағылардың өзара бір-біріне айтқан
сөздері жайлы: