делінеді. Ол, шын мәнінде, айырылу екенін сезеді. Балтыры балтырына айқасады. Ол күні Раббы жаққа айдалады» 3 , –
деген.
Сондай-ақ Бәдір шайқасында өлген мүшріктер жайлы Құран
аяты келген. Онда Аллаһ тағала:
«Періштелер, сондай кәпірлердің беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!» – деп жандарын алғанын көрсең! Бұл бұрынғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. Аллаһ құлдарына зұлымдық етуші емес» 4 , – деп баяндаған. Ибн Кәсир және өзге
де көптеген ғалымдар бұл сөздің жалпы кәпір атаулыға қатысты
екенін айтқан.
Аллаһ тағала кәпірлердің жандарының қалай шығатынын және
олардың өліммен арпалысуын:
«Аллаһты жалғанға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», – 1
Яғни ағза-ағзасын қуалап қашады.
2
«Уақиға» сүресі, 83-85 аяттар.
3
«Қиямет» сүресі, 26-30 аяттар.
4
«Әнфәл» сүресі, 50-51 аяттар.