Сәләмәны кешір! Тура жол тапқандардың ішінде оның дәрежесін көтер! Оның артындағылардың
(тірілердің)
арасынан оның орнын басқыз! Бізді және оны кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Оның қабірін кеңейт және ол үшін
(қабірін)
нұрландыр!» – деп дұға қылды
2
.
Сондықтан қайбір мұсылман жантәсілім еткен пендені көрсе,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай жоғарыдағы дұғаны
айтуы керек.
Амр ибн Астың (Аллаһ оған разы болсын) өмір жолынан
мынадай бір әңгіме келтіріледі: Амр дүние саларда оның қасында
ұлы Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бар
еді. Ол әкесіне:
«Уа, әкетай! Сен өлім келген кезде ақылды,