сендерге кенеттен келеді», – де. Олар сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. «Шынында, оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді», – деп айт» 1 ;
« (Мұхаммед!)
Адамдар сенен Қиямет мерзімін сұрайды. Оларға: «Оның білімі Аллаһтың қасында: қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар», – деп айтқын» 2 , – деген.
Қиямет күнінің мәліметі Аллаһ тағалаға ғана мәлім бес
ғайыптың бірі болып табылады. Аллаһ тағала оның мерзімін
құпия етіп, бізден жасырған. Әлбетте, Аллаһ тағаланың құпия
немесе жария еткен істерінің әрқайсысы даналықтарға толы. Ал
мұндағы даналық біздің құлшына амал істеуімізге ықпал етеді.
Егер адамзатқа Қияметтің мерзімі белгілі болғанда, олар
бейғамдыққа беріліп, ойын-сауық құрып, күнәлі істерге бой
ұрып, арқасын кеңге сала жүріп, тек өлер кезінде ғана немесе
Қиямет мерзімі жақындағанда ғана өз-өздерін қолға алар еді.
Бірақ Аллаһ тағала пенделерінің құлшылық жасауда әрдайым
талпыныста болуын қалайды. Мінеки, Аллаһ тағаланың Қиямет
мерзімін құпия ұстауының мәні осында. Ғұламалар Қияметтің
уақытын анықтаумен немесе зерттеумен айналысудың дұрыс
еместігіне нұсқау жасаған. Бұл ілім Аллаһтың ғайып ілімдерінің
еншісінде болғандықтан, Жаратушының Өзіне ғана белгілі
ілімдеріне араласуға ешкімнің де хақы жоқ. Ендеше, Аллаһ
тағала осы ілімнің сырын, тіпті Өзіне жақын періштелері мен
жіберген пайғамбарларына да ашпаған. Егер оны біреуге
ашқанында, онда бүкіл жаратылыстың абзалы – пайғамбарымыз
Мұхаммедке (с.а.с.) ашар еді. Көпшілікке белгілі хадистердің
бірінде баяндалғандай, Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) адам кейпінде
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, бірнеше сұрақтар қойған.