«Сонда аспан есіктерін құйылған жаңбырмен аштық. Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су тағдыр етілген әмір бойынша қосылды. Оны шегелер мен тақтайлардан тұратын (кемеге)
отырғыздық. Кәпірлерге жаза ретінде Нұхтың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты» 1 ;
«Нұх Бізді үндеді, ал (Біз)
қандай жақсы жауап берушіміз. Біз оны және үй-ішін үлкен қайғыдан құтқардық. (Жер
бетінде)
оның ұрпақтарын қалдырдық. Кейінгілердің ішінде ол (Нұх)
жайлы (жақсы сөз)
қалдырдық. Нұхқа әлемдерден сәлем болсын! Біз ізгі (амал)
істеушілерді осылай марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын басқаларды суға батырдық» 2 , – деп баяндалған.
Су көбейіп, қалалар мен ауылдарды алады. Судың беті жер
бетіндегі ең биік таулардан он бес кезге дейін жоғары көтеріледі.
Нұхпен бірге болғандардан басқаның бәрі суға батады...
Нұхтың қауымынан кейін пұтқа табынуды қайта бастаған
қауым ад тайпасы болды. Аллаһ тағала оларға Һудты пайғамбар
етіп жіберді. Һуд (аләйһис-сәләм) да өз қауымына: