«Жинаңдар! Ол залымдарды да, сыбайластарын да және олардың Аллаһтан өзге табынғандарын да. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер!» 1 – деген.
Перғауын туралы Аллаһ тағала:
« (Перғауын)
Қиямет күні елінің алдына түседі. Оларды тозаққа апарады. Ол баратын жер – нендей жаман бір жер» 2 , – дейді.
Құран Кәрімде кәпірлердің тозаққа түсуі бірнеше түрлі
сипатталған:
1) Олар тозаққа топ-топ күйде итеріліп, мал сияқты иіріліп
жан-жақтан айдалады. Ол жайлы Аллаһ тағала:
«Кәпірлер топ- топ болып тозаққа айдалады» 3 ;
«Олар сол күні тозаққа итеріліп тасталады» 4 ;
«Сол күні Аллаһтың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады» 5 , – деген.
2) Олар тозаққа жүздерімен жер басып жиналады. Ол жайлы
Аллаһ тағала: