«Субханәкә Рабби, уадаъту жәнби, уә бикә арфаъуһу, ин әмсәктә нәфси фағфир ләһә, уә ин әрсәлтәһә фахфазһә бимә тахфазу биһи ъибәдәкәс-салихин (Сен Пәксің, Раббым, бір бүйіріммен жаттым және Сенімен оны көтеремін. Егер менің жанымды ұстасаң, оны кешір, ал егер жіберсең, оны Өзіңнің ізгі пенделеріңді сақтағаныңдай сақта)» 3 , – дейміз.
Өлім – ақиқат
Әрбір жаратылыс үшін өлім хақ. Жаратушы Аллаһтан
басқаның бәрі құриды, өледі. Аллаһ тағала:
«Ол (Аллаһ)
, іс- амалда қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» 4 ;
«Оның Өзінен басқа әрнәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар» 5 ;
«Бүкіл (жер жүзіндегілер)