3. Қазаргі ақпараттық
қоғамның және жаһандық мәселелерге философиялық талдау.
ХХI ғасыр − ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына −
ақпараттық қоғамға аяқ басты. Біз куә болып отырған қазіргі заманға зерттеушілер түрлі
анықтама беруде: біріншілері
«жаһандану ғасыры» деп атаса, екіншілері «постмодернистік»,
үшіншілері «ақпараттық» қоғам деп баға беруде. Бір анығы, біз «ақпараттық жарылысқа»
негізделген ақпараттанған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Қаласақ та, қаламасақ та заман
ағымы осылай. Бүгінгі жаһанданған
әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған
заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоақпараттардың тез
арада әлемге таралуы, олардың географиялық, экономикалық, рухани аймақ шекарасынан
ары шығып кетуі осының айғағы. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен
өзгерісіне тигізер әсері мол.
Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық
-
технологиялық
жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси
шекаралар деген ұғымдардың әсері жоқ жаһандық қоғам.
Қазіргі
күні ғалымдар «әлем адам» жүйесіндегі адамзат өмірі үшін маңызды факторларды
қамтитын бүгінгі күннің проблемаларын жаһандық проблемалар ретінде қарастыруда.
Жаһандық проблемалар жергілікті емес,бүкіл
планеталық сипатта болады. Ол қоғамды
құрайтын индивидтердің өміріне, дамуына және психикасына тікелей әсер етеді. Жаһандық
проблемалар экологиялық, экономикалық және техникалық салаларды қамтып қана
қоймайды,сонымен қатар әлеуметтік, саяси және демография салаларында қамтиды.
Әлемдегі елдердің даму деңгейінің әртүрлілігіне байланысты жаһандық проблемалар ХХІ
ғ.басында өзінің шырқау шегіне жетті. Кейбір ғалымдардың пікірінше мұндай дағдарыстардан
шығу үшін табиғат пайдалануға және бүкіләлемдік теңдікті
сақтауға құқықтық белгілер енгізу
үшін халықаралық тұрғыдан әсер еткен тиімді.