Айқас түзулер, екіжақты бұрыштар. Анықтама. Кеңістіктегі бір жазықтықта жатпайтын екі түзу айқас түзулер деп аталады (10,1-сурет).
Осы сияқты, егер екі кесінді айқас түзулерде жатса, онда оларды айқас кесінділер дейміз.
Анықтама. Бір жазықтықта жататын және өзара қиылыспайтын екі түзу параллелъ түзулер деп аталады (10,2-сурет).
Анықтама. Тек бір ғана ортақ нүктесі бар екі түзу қиылысқан
1)
2)
3)
10-сурет
түзулер деп аталады (10,3-сурет).
Бұл үш жағдайды басқаша да алуға болады.
1.Түзулердің ортақ нүктесі бар. Онда олар бір жазықтықта жатады. Бұл-қиылысқан түзулер.
11-сурет
2 .Екі түзудің ортақ нүктесі жоқ.Онда олар-параллель (егер бір жазықтықта жатса) немесе айқас түзулер (егер бір жазықтықта жатпаса).
Бөлменің қабырғалары мен төбесін мысалға алып, мына үш жағдайды көрсетуге болады: түзуі b түзуімен айқас және с түзуімен параллель, ал bмен с түзулері қиылысады (11-сурет).
Түзулердің кеңістіктегі параллельдігі жазықтықтағы сияқты белгіленеді.
Параллель түзулерде жатқан кесінділер де (сәулелер де) параллель.
12-сурет
1-теорема (айқас түзулердің белгісі). және b түзулері берілген. Егер түзуінен өтетін b түзулері берілген. Егер түзуінен өтетін және b түзуімен түзуінде жатпайтын нүктеде қиылысатын α жазықтығы табылса, онда және b түзулері айқас болады (12-сурет).