Айбат Айжанға



бет2/2
Дата17.09.2023
өлшемі21,15 Kb.
#181329
1   2
Байланысты:
Диана а Минездеме (копия)

Мінездеме
Мен Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Мыңбаева Маржанды 18.01.2021-03.05.2021 ж. аралығында өткен практика барысында бақылай отырып, оның өте белсенді, жұмысына тиянақты, әр тапсырған тапсырманы уақытынан бұрын орындайтындығы, өте жауапты екенін байқадым. Маржан практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, жарқын, өз жұмысына ынталы, сынып оқушыларымен тез тіл табыса біледі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Мектеп қызметтерін аса мол жауапгершілікпен орындады. Маржанның сөйлеу мәдениеті жақсы, өз ойын нақты, әрі еркін жеткізе біледі.
Мыңбаева Маржанға өзінің педагогикалық жолында тек табанды, жемісті жұмыс тілеймін. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Оқуын жақсы нәтижеге бітіріп, елінің елеулі, халқының қалаулы азаматшасы болуын тілеймін. Тек сәттілік!

8 «А» сынып жетекшісі Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы

Көкшетау қаласы 2021 жыл

Көкшетау қаласының №3 “Мәлік Ғабдуллин” атындағы көпсалалы гимназиясы


мінездеме
Салимжуарова Алина Уалиахметовна 2008 жылы тамыз айының 3 жұлдызында дүниеге келген. Алина сырт бейнесі өте тартымды, әдемі қыз. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, қазақ тілі, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Алина кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Сол арманына жету үшін білмегенің сұрап, білгенін айтып жүреді.Алға қойған армандары мен мақсаттарына жетіп , еліміздің білгір маман болатына күмәнім жоқ.

8 «Ә» сынып жетекшісі Ажаргүл Базарбекқызы




Көкшетау қаласы 2023 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет