боталлов өзегі
сопақ терезе
оң жақ веноздық тесік
аранциев өзегі
ұрықтың тыныс алу қозғалысы
Бала дені сау ата-анадан ҚАПЖ бар туған. Алғашқы шағымдар мен клиникалық көріністер қай жаста пайда болады:
туғаннан кейін бірден
1 айда
6 айда
1 жаста
2 жаста
Туа біткен жүрек ақауларының бір түрі - ашық Боталл (артериялық) өзегі. Туғаннан кейін оның функционалды жабылуы осы аралықта өтеді:
туғаннан кейін 10-15 сағатта
туғаннан кейін 1-5 сағатта
туғаннан кейін 5-10 сағатта
туғаннан кейін 15 -20 сағатта
туғаннан кейін 20-25 сағатта.
Көптеген туа біткен жүрек ақаулары қандай этиологиялық факторлармен байланысты?
жоғарыда айтылғандардың барлығы
хромосомалық ауытқулар (трисомия 18, трисомия 21, Тернер синдромы, Марфан синдромы)
ананың қолайсыз жағдайлары (қант диабеті, фенилкетонурия, жүйелі қызыл жегі, туа біткен қызамық синдромы)
Дәрілік препараттар (литий, этанол, талидомид, құрысуға қарсы дәрілер)
экологиялық және тератогендік әсерлер
Кеуде қуысының рентгенографиясында өкпенің тамырлы белгілерінің көрінуі мына жағдайда азаяды:
қолқа коарктациясы
ҚАПЖ
ЖАПЖ
ашық артериялық өзек
Фалло тетрадасы
ҚАПЖ кезінде шудың ең жақсы тыңдалатын орны:
Боткин нүктесі
жүректің ұшы
төс сүйегінің оң жағындағы екінші қабырға аралық
төс сүйегінің сол жағындағы екінші қабырға аралық
семсер тәрізді өсінді түбінде
Жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі келесі жағдайларда байқалады:
Достарыңызбен бөлісу: |