Қайыңбаева еркежан өмірхановна қазақша күреске арналған спорттық киімнің тұтынушылық талаптарын зерттеу және белгілеу



бет1/2
Дата22.05.2018
өлшемі425,57 Kb.
#40613
түріАвтореферат
  1   2
УДК 687.141.016.5 (574) қолжазба құқығында


ҚАЙЫҢБАЕВА ЕРКЕЖАН ӨМІРХАНОВНА


Қазақша күреске арналған спорттық киімнің

тұтынушылық талаптарын зерттеу және белгілеу

05.19.04 – Тігін өндірісінің технологиясы


Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясының «Технология» кафедрасында орындалды




Ғылыми жетекші:

Асанова С.Ж.

техника ғылымдарының докторы, профессор, ХИА ҰИА Академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері



Ресми оппоненттер:

Черепенько А.П. техника ғылымдарының докторы, профессор





Шілдебаева Л.Қ.

техника ғылымдарының кандидаты




Жетекші ұйым:

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Қорғау 2010 жылы «____» _____________ күні сағат _____

«Сымбат» Дизайн және Технология Академиясының Диссертациялық Кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі, 65 а.

Диссертациямен «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы «____»_____________ таратылды.



ОД 55.01.01 дисстерациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор








Джаманкулов К.Д


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан республикасы экономикалық даму және индустриялық бағдарлама іске асырылу жағдайында тігін өндірісі алдында бұйымдарды жобалау және өндіру жолында жетілдіруінің қажеттілігі пайда болды. Казіргі жағдайда, Қазақстан республикасының индустрия-инновациялық Стратегиясына байланысты өнеркәсіптін аз шығынында техника-ғылыми прогресстің жетістіктерін қолдана отырып, тұтынышылардын сұранысын қамтитын, бәсекелестігі жоғары денгейде және сапалы өнім шығару тігін өндірісінің ең бір маңызды жағдайларының бірі болып табылады.

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Киім бұйымдарында көптеген көлемді классты – спорттық жарыстарды жүргізу шарттарында және де жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін тұтынушылық талаптарымен спорттық киім алатыны мәлім.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда спортшылар арасында қазақша күрес ұлттық ойыны үлкен қызығушылықпен дамып келеді. Бұл спорт түрінің дамуы ұлттық салт-дәстүрдің, оның ішінде қазақша күрес ойынға деген қызығушылығымен байланысты. Бұл ойын түрі жеке адамның ұлттық тәрбиесімен және гармониялық дамуынын қамтамасыз етеді.

Республикамызда қазақша күрес ойыны бойынша Федерация бар және де бұл ойын бойынша сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Бұл спорт түріне мамандар киімдерін тек қана сыртқы көрінісіне зор мән беріп өндіргендіктен, палуандар өздерін бұл киімдерде ыңғайсыз сезінеді және олардың бос қимылына кедергі береді. Қолданылған әдебиеттер мен тәжірибелердің талдауы арқылы дәлелденіп, көрсетілді және әртүрлі күрес түрімен айналысатын спортшылар киімдерін дамыту және жетілдіруі тәжірибеде жоқ екендігін анықталды. Тұтынушылық талаптардың ішінде эргономикалық көрсеткіштердің жетілдіру позициясы бойынша арналған көптеген жұмыстар бар екендігі белгілі.

Тігін бұйымдарының сапасына зор мағына берілетін қызметтік, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық, әлеуметтік, сенімділік және қауіпсіздендіру талаптардан пайда болатын тұтынушылық талаптар бойынша бағаланады. Киімнің функционалдық және адамның психофизиологиялық ерекшеліктерінін мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін эргономикалық көрсеткіштер; оның антропометриялық тұрғыдағы және қозғалғандағы сипаттамасы; гигиеналылығы; әртүрлі өндірістегі және өмірдегі бұйымдардың ыңғайлылығы приоритеттік орынына байланысты, яғни олар киімнің тұтынушылық талаптарының барлық параметрлер бойынша толық сәйкестігін қамтиды.

Әртүрлі киім түрлерінің эргономикалық көрсеткіштер номенклатурасын дайындау Коблякова Е.Б., Склянников В. П., Романова В.Е., Сурженко Е.Я., Баскимбаева Т.А., Шершнева Л.П., Айдынбекова Ж.Т және т.б. зерттеу жұмыстарында кездеседі.

Әртүрлі жұмыс шарттарына бұйымды жобалау үрдісінің жетілдіру мәселесі және «адам – киім – орта» жүйесінің физиологиялық сәйкестігі бойынша ғылыми жұмысшылар одағы ЦНИИШП, МГУДТ (МТИЛП), СПГУТД (ЛИТЛП) және т.б. айналысты.

Кобляков Е.Б., Ржехина Т.С., Терпенова О.К. және т.б. ғалымдардың жұмыстарында адамның тұрған және қозғалған қалпындағы киімінің антропометриялық сәйкестігі эргономикалық көрсеткіштер бойынша киімнің сапасы зерттелді. Бұл зерттеулер негізінде маңызды бағыттың басы эргономикалық көрсеткіштер сапасының жобалануы бойынша киімді конструкциялауға бағытталған.

Бұл жағдайда кез келген ассортиментті жобалау біріншіден, эргономикалық сәйкестік жағынан тұтынушылық қасиеттер бойынша қарастырылады, ал оның ішінде алдымен, кез келген ассортименттің және киім түрінің қанағаттандырылуын арттырады. Қазақша күреспен айналысатын спортшылардың қазіргі киімін талдау жобалаушылардың бұл күрес ерекшелігі және оған қойылатын талаптарды ескермегені байқалады. Бұдан орай, палуандар спорттық киімдерінің заманауи талаптарын ескеру үшін барлық саты бойынша жобалаудағы үрдісін жетілдіру қажет.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы жоғары сапалы эргономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазақша күреске арналған тұтынушылық талаптарды жетілдіру, өзекті және жоғары әлеуметтік эффектті болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты жоғары тұтынушылық және эргономикалық көрсеткіштері талаптарының пайда болу негізінде және бұйымдарды жобалаудағы алғашқы ақпараттарды қолдана отырып, қазақша күреспен айналысатын спортшылардың бұйымдарын жасау. Жалпы мақсаттан келесі тапсырмалар пайда болады:


  • қазақша күреске арналған спорттық киімді дайындау мәселелерін анықтау;

  • қазақша күреспен айналысатын спортшы (палуандардың) негізгі жұмыс қозғалыстарын анықтау;

  • палуандардың қазіргі бұйым асортименттерін және оны дайындауда қолданылған материалдарды анықтау;

  • спортшылардың морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;

  • палуандар киімдерін жобалауа қойылатын қызметтік және эргономикалық талаптарын анықтау;

  • палуандар киімдерінің антропометриялық сәйкестік талабын анықтау;

  • палуандар киімдерінің психофизиологиялық талаптарын анықтау;

  • палуандар киімдерінің гигиеналық талаптарын анықтау;

  • палуандар киімдерінің эстетикалық талаптарын анықтау;

  • палуандар киімдеріне қойылатын талаптардың структуралық нұсқасын дайындау және оларды шешу жолдарын анықтау;

  • динамикалық өсу бойынша конструктивті аймақтарға қосымшаны математикалық модель бойынша анықтап, дәлелдеу;

  • тұтынушы талаптарын жетілдіру және эргономикалық сәйкестікті ескерте отырып, палуандарға арналған спорттық киімін дайындау;

  • жұмыс ортасындағы палуандар спорт киім комплектісін апробациялау.

Зерттеу нысаны. Қазақша күреспен айналысатын спортшылардың киімі, дайындауда қолданылатын материалдар түрі және спорттық киімдерге қойылатын тұтынушылық талаптар.

Зерттеу әдісі. диссертациялық жұмыста материалдар қасиеттерінің арнайы және физико-механикалық заманауи стандартты тәсілдері, эксперттік бағалау тәсілі, статикалық өңдеу, МСТ сонымен қатар компьютерлік бағдарламалар Microsoft Office Word 2007, Excel, «STATISTIKA» қолданылды.

Сонымен қатар жұмыста киімді жобалау бойынша теориялық және тәжірибелік жетістіктер қолданылды.



Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы

  • қазақша күрес спорт киіміне қойылатын тұтынушы талаптар комплексін және алғашқы ақпараттарды дайындау;

  • палуандар киіміне қойылатын талаптар және структуралық нұсқаны және оның шешімін құру;

  • палуандарға арналған спорттық киімді жобалау әдісінің структуралық нұсқаны құру;

  • конструктивті аймақтарға динамикалық өсуі бойынша қосымшаларды таңдап, математикалық модель арқылы есептеу;

  • тұтынушы талаптарын жетілдіру мен эргономикалық сәйкестікті ескерте отырып, палуандарға арналған спорттық киімнің композициялық - конструктивтік шешімдерін дайындау.

Қорғауға шығарылған негізгі жағдайлар:

Жұмыстың тәжірибелік маңызы жүргiзiлген зерттеуде ұлттық киімнің этнографиялық талғам ерекшелiгiнде қолданылған материалы, пiшiм құрастырылуы, ансамбль тұтастығына қарай топтастырылып, киiмнiң көркемдiк композициялық шешiмiн жобалауға ұсынылады.



Зертеудің практикалық маңызы және нәтижелердің жүзеге асырылуы:

- автормен дайындалған тәжірибелік ұсыныстар тігін бұйымдарының бәсекелестігін арттырады, жоғары тұтынушы және эргономикалық талаптарға жауап беретін, қазақша күреспен айналысатын спортшыларға арналған жаңа модельдерді дайындауда уақытты қысқартады.

Дайындалған структуралық нұсқаны әр түрлі күрес түрімен айналысатын спортшылар және басқа да спортшылар киімдерін жобалауда ұсынуға болады.

Сонымен қатар структуралық нұсқалар мен палуандарға арналған спорттық киімнің жобалау әдісі, конструктивті аймақтарға динамикалық ұлғаюды ескере отырып, қосымшаларды математикаық есептеу моделі, оқу үрдісінде «Костюм дизайны» және «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялау» мамандықтарының оқу үрдісінде, тәжірибелік, курстық және дипломдық жұмыстарда да қолданылуы мүмкін.



Зерттеудің апробациясы. Диссертациялық жұмыстың негізгі бөлімдері үш ғылыми тәжірибелік конференцияларда талқыланып, оң бағасы берілген:

1 Қайыңбаева Е.Ө. «Метод процесса ведения занятия по конструированию одежды с помощью интеллект- карты» // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары «Инновациялық технологиялар өнім мен қызметтің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеретін құрал» Алматы, 2006, 188 –196 б.

2. Т.ғ.к., асс. профессор Инкаров Б.Г., магистр Қайыңбаева Е.Ө. «Күрес аяқ киімінің эргономикалық және функционалдық талдауы» //Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияның материалдары. Заманауи интеграция: мәдениет, ғылым және технология. Алматы қаласы 2008 ж., 437-441 б.

3. Магистр Кайнбаева Е.О. // Индустрия дизайна и технологии. «Қазақша күресте қолданылатын киімдер түрі», Алматы, № 02- 2010- 57-61 б.



Зерттеудің жариялануы. жұмыстың тақырыбы бойынша 8 мақала жарияланды:

1 Қайыңбаева Е.Ө. «Метод процесса ведения занятия с помощью интеллект- карты» // Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының материалдары «Инновациялық технологиялар өнім мен қызметтің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеретін құрал» Алматы, 2006, 188 –196 б.

2 Т.ғ.д., МИА және ХИА академигі Асанова С.Ж., магистрант

Қайыңбаева Е.Ө. «Қазақтың ұлттық киімдерін дәстүрлі құрастырудағы әдіс-тәсілдерін талдау және оларды безендіру әдістеріндегі ою-өрнек ерекшелігін зерттеу» // «Индустрия дизайна и технологии» № 02-07, Алматы қаласы, 2007 ж., 91-96 б.

3 Т.ғ.к., асс. профессор Инкаров Б.Г., магистр Қайыңбаева Е.Ө. «Күрес аяқ киімінің эргономикалық және функционалдық талдауы» //Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияның материалдары. Заманауи интеграция: мәдениет, ғылым және технология. Алматы қаласы 2008 ж., 437-441 б.

4. Асанова С.Ж., Инкаров Б.Г., Қайыңбаева Е.Ө. «Палуандар морфологиясы және күреске арнаған тігін бұйымдары» // Индустрия дизайна и технологии, Алматы, 2008, 119-128 б.

5 Инкаров Б.Г., Қайыңбаева Е.Ө. «Күрес аяқ киімінің эргономикалық және функионалдық талдауы » // Индустрия дизайна и технологии, № 4, 2008,

97-99б.


6 Қайыңбаева Е.Ө. «Палуандар киімін жобалауда қолданылатын мата түрі және оның зерттеулері» // Индустрия дизайна и технологии., Алматы, № 1 2009, 53-57 б.

7 Қайыңбаева Е.Ө. «Қазақтың ерлер киімдерінің тарихи даму кезеңдерін талдау» // Индустрия дизайна и технологии, Алматы, № 2 2009, 89-95 б.

8. Магистр Кайнбаева Е.О. // Индустрия дизайна и технологии. «Қазақша күресте қолданылатын киімдер түрі», Алматы, № 02-2010-57-61 б.

Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінің 126 атауларынан және қосымшалардан құралған. Негізгі нәтижелер мәтіннің 110 бетінде, 24 кестеде, 36 суретте баяндалған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, диссертациялық жұмыстың мақсаты, зерттеу нысаны, зерттеу әдісі, ғылыми жаңалығы, қорғауға шығарылған негізгі жағдайлар, зертеудің практикалық маңызы және нәтижелердің жүзеге асырылуы және апробациясына баға берілген.

Бірінші бөлімде қазақша күреске арналған споттық киімді дайындау мәселелерін анықталды. Бұл бөлімнің мақсаты - «қазақша күрес» түрімен айналысатын спортшыларға арналған киімді дайындаудағы мәселелер түрлерін талдап, алдымызда тұрған мәселелерді анықтау:


  • қазақша күреске арналған спорттық киімді дайындау мәселелерін;

  • қазақша күреспен айналысатын спортшы (палуандардың) негізгі жұмыс қозғалыстарын;

  • палуандардың қазіргі бұйым асортименттерін және оны дайындауда қолданылған материалдарды;

  • спортшылардың морфологиялық ерекшеліктерін;

Ғылыми жұмыстарда тұтынушы талаптарды жетілдіру бойынша көптеген көңіл бөлетінділігі бекітілген.

Приоритеттік орындар антропометриялық сәйкестік, психофизиологиялық және гигиеналық көрсеткіштер бойынша эргоноикалық көрсеткіштерге берілетіні бекітілді. Сондықтан, келесі зерттеулерде тұтынушы талаптарының келесі зерттеулері жүргзілді:

-қызметтік-қорғау;

- эргономикалық.

Спортшылардың эргономикалық ерекшеліктерін анықтау, олардың ерлер тұлғасының типтік өлшемдеріне сәйкес келетінін: пропорция түрі бойынша мезоморфты, денебітімі бойынша бұлшық етті, еңсе түрі бойынша орташа еңсе жататыны анықтады. Бұдан, жобалау типтік тұлғаға арналатындығы анықталды.

«Қазақша күрес» спорттық киімнің мәселесін талдау бойынша адамдар тек қана сыртқы көрінісіне ғана мән берген, яғни спортық киімнің ыңғайлылығын, палуандардың морфологияық ерекшеліктерін ескермеген. Ұсынылған спорттық костюм сауалнама қорытындылары бойынша барлық морфологиялық ерекшеліктерге сәйкес екендігі анықталды.

Қазақша күрес ойынының ережелері және оның ұйымдастырылуы баптар бойынша: оның ішінде сайыс мазмұны және оның түрлері, сайысты өткізу тәсілдері, сайыскерлердің жас мөлшерлері, салмақ дәрежелері, сайысу уақыты, сайысқа жайылатын кілем, палуан киімі жайлы және т.б. ақпарат анықталды.

Палуаншы қимыл жағдайын зерттеу бойынша белгіленді: орташада дайындық мезгілінде костюмды қолдану 1,5 сағат, ал негізгі қимыл түрлері келесі: аяқ қолының қозғалысы, дене қозғалысы, иықпен жанбастан лақтыру.



Адамның жұмыс шаруасындағы қорытындысы бойынша кейбір физикалық өлшемдері киім конструкциясына әсер ететін динамикалық ұлғаю бойынша өзгеретіндігі белгілі. Спортшының негізгі қозғалыс уақытында НИИА МГУ ұсынған өлшем белгілері келтірілген.

  1. кесте. Жұмыс уақытындағы уақыт пен күштің шығыны




Қозғалу түрлері

Дайындық кезінде уақыттын салыстырмалы шығыны, мин.


Дайындық кезінде уақыттын салыстырмалы шығыны, %

Орташа салмақ 70 кг, бір дайындық мезгілінде нормативтык мәлімет бойынша күштің жұмсалуы ВТ/м2

1. Тұрған қалпында

25

28

2800

2. Қиғаш қалпында

20

22,2

2240

3. Қозғалыста

18

20

2016

4. Лақтыруда

12

13,3

1344

5 Жоғары жағында орналсқанда

10

11,1

1120

6. Төменгі жағында орналасқанда

5

5,5

560

Барлығы

90

100

10080

1- сурет. Жұмыс қозғалысына байланысты күштің жұмсалу мен ұзақтығы бойынша графигі.


Қозғалыстар жиынтығынаң адам денесінің өлшемдерінің өзгеруіне ең көп әсер келтіретіндері таңдалып олардың динамикалық ұлғаюы кесте түрінде келтірілген.

2 кесте


Казақша күреспен айналысатын адамдардын өлшем белгілеріне байланысты динамикалық ұлғаюлары

Өлшем белгісі,см

Б.А. Бузов мәліметтері бойынша ұлғаюдың % шамасы

Өлшем белгінің шамасы, см

Динамикалық ұлғаюдың шамасы, см

2-кестенің жалғасы

Алдынғы бойдың белге дейінгі ұзындығы

6,6

46,1

3,04

Атқы бойдың белге дейін ұзындығы жаурының шығынқысын ескере отырып

4,5

47,3

2,12

Арқа ені

2,4

20,4

0,48

Қолдар алға қарай тік созылғандағы арқаның ені

47

20,4

9,5

Кеуде ені

8,6

19

1,63



Екінші бөлімнің мақсаты - палуандар киімдеріне қойылатын тұтынушылық талаптар мен алғашқы ақпараттарды зерттеп анықтау. Бұл мәселені шешу үшін:

  • палуандар киімдерін жобалауына қойылатын қызметтік және эргономикалық талаптары анықталды;

  • палуандар киімдерінің антропометриялық сәйкестік талабы анықталды;

  • палуандар киімдерінің психофизиологиялық талаптары анықталды;

  • палуандар киімдерінің гигиеналық талаптары анықталды;

  • палуандар киімдерінің эстетикалық талаптары анықталды.

Палуандадың кәсіптік киімінің негізгі қызметі — жұмыстағы ыңғайлылығы, беріктілігі және киімді күтудегі жеңілділігі. Киім жұмыс үрдісіндегі элемент болып табылады. Бұл жағдайдағы зерттеу объектісі спортшының физикалық қасиеті мен дамуын айқындап тұруы қажет.

Екінші бөлімнің зерттеу нәтижесінде палуандар тұлғасының антропологиясы: анатомиясы, морфологиялық белгілері, пропорцясының түрлері, денебітім түрлері және еңселер түрлері зерттелді. Бұл зерттеулер бойынша қазақша күреске арналған тігін бұйымдары қандай болу керек екендігі анықталды. Қазақша күреске арналған тігін бұйымдары келесі үшінші бөлімде қарастырылды.



Үшінші бөлімнінде палуандар киімдеріне қойылатын талаптардың структуралық нұсқасы дайындалып және оларды шешу жолдарын анықталды, сонымен қатар динамикалық ұлғаюы бойынша конструктивті аймақтарға қосымшаның регрессиялық теңдңеуы есептеліп, тұтынушы талаптары жетілдірілген және эргономикалық сәйкестіктігін ескерте отырып, палуандарға арналған спорттық киімнің композициялық - конструктивтік шешімі жасалды.

Палуандар киімдеріне қойылатын тұтынушылық талаптар

Эстетикалық

Қызметтік-қорғау

Эргономикалық

Спорт түріне байланысты



Антропометриялық

Психофизиология

лық


Гигиеналық


1. Палуан образына сәйкес

2. Көркемдік –образдық айқындық

3. Көлемдердің тиімділігі

4. Композицияның тұтастығы



Палуанның статикадағы және динамикадағы өлшем белгіле

ріне киімінің сәйкестігі



Сезім мүшелері бойынша сәйкестігі

- тактильді;

- көрерменді;

- сезу;


- дыбыс;

- салмағының жеңілділігі.



- ауа ткізгіштігі

- ылғал өткізгіштігі;

- гигроскопиялылығы.



Ш Е Ш У Ж О Л Д А Р Ы


Стиль – спорттық

Силуэт – тік

Материалдар – табиғи мақта мата синтетика талшықтары аралас;

Түсі – ақ немесе көгілдір

Комплектілігі – күртеше және шолақ шалбар

Қосымша элементі – белдік, орамал, борцовка




Конструктивтік шешім

Еркін қозғлыс қосымшасы

Созылу және қорғау қасиеттері бар материалдар пакетін таңдау

Киім материалдарын таңдау

Н И Я


Подбор и расчет материалов и конструкции пакета и отдельных предметов одежды



2- сурет. Палуандар кимідеріне қойылатын талаптардың структуралық нұсқасы және оларды шешу жолдары



Спорттық иық бұйымының динамикалық сәйкестігімен қамтамасыз ету және эргономикалық параметрлар

Конструкция негізінің параметрлары



Бөлшектердің конструктивті технологияық шешімі

Созылмалы қондырмалар


Конструкция габариттері



Қолтық ойындысының параметрлері

Жеңнің параметрлары

Бұйым ені



Бұйым ұзындығы

Қолтық ойындысының ені

Қолтық ойындысының тереңдігі

Жеңнің орналасуы

Жең ені

Ластовица

3-сурет. Иық бұйымының диамикалық сәйкестігі және эргономикалық параметрларының құрылымы


Палуандарға арналған спорттық киімнің конструкциясын эргономикалық көрсеткіштің динамикалық сәйкестігіне байланысты жетілдіруі «адам- динамикадағы киім» жүйесі бойынша 22 типтес (ТФЭ) толық факторлы эксперимент жүргізілді.

«Қазақша күрес» спорттық киімінің конструкциясының тиімді нұсқасын таңдау және сапасын анықтау белгілі математикалық модельдің қолданылуы бойынша есептеледі:

Тәжірибе қорытындысы бойынша регресия теңдеуі сандық коэффициент бойынша анықталады. К0 = 2

Ŷ= b0 χ0 + b1 χ1 + b2 χ2 + b12 χ1 χ2=44,95 -14,9 χ2

мұнда, b0 – регрессия теңдеуінің бос мүшесі;

b1 , b2 – сызықтық коэффициенттер;

b1b2 – факторлардың жұптық коэффициенттері.

Қк параметрі бойынша регрессия теңдеуі:


γ = 44,95 χ0 -14,9 χ2
Төртінші бөлімнің мақсаты - жұмыс ортасында палуандарға арналған спорт киімің комплектісін апробациялау.

Екінші мен үшінші бөлімде жасалған зерттеулер бойынша жобаланып отырған бұйымға мата таңдалып, келесі маталардың түрлері ұсынылып отыр.


3-кесте.

Мақта және аралас маталар



Көрсеткіштер атаулары

өлшем белгілері



Нормативтік құжаттама бойынша норма

Қортындылар

Химиялық талшықтардың массалық үлесі, %




Мақта талшықтары – 97

Лайкра - 3



Жыртылу төзімділігі, Н, кем емес

Негізгі жіп бойынша-216

Арқау жіп бойынша-147



Негізгі жіп бойынша-989

Арқау жіп бойынша-323



Ауа өткізгіштігі, дм32с, кем емес

100

119

4-кесте.

Палуандар спорттық киімдерінің алғашқы

ақпараттар бойынша негізгі көрсеткішері





Негізгі параметрлары

Ұсынылған сандық мөлшерлері

1

Беріктік қасиеті

Негізгі жіп бойынша-989 Н

Арқау жіп бойынша-323 Н



2

Ауа өткізгіштігі

119 дм32с

3

Талшықтық құрамы

Мақта талшықтары – 97

Лайкра - 3



4

Гигроскопиялылығы

ауаның 100 % ылғалдылығында және ауаның 20  С температурасында матаның ылғалдануы

5

Су өткізгіштігі

343,0 дм32с


Палуандарға арналған спорттық киімнің сыртқы көрінісінің сипаттамасы. Спорттық комплект түзу силуэтті күртешеден және шолақ шалбардан құралған.

Күртеше бір өңірлі, қолтық өңірінде ластовица орналасқан тұтас пішімді жеңді, ені 5,0 см белдікпен жан тігістерінде орналасқан тіліктерден өтіп, денеге екі рет оралып байланады. Күртешенің ұзындығы 80,0 см. Күртеше алдыңғы және артқы бойлардан құралған. Жең аузы ені 25,0 см. Өңір ені 8,0 см. Артқы бойы ортаңғы тігіссіз, бір бөліктен құралған.



Бұйымның екі жақ жан сызықтарында 15,0 см тілік қимасы бар. Күртешенің алдыңғы бойында жан сызығынан басталып, иық сызығында аяқталатын ені 5,0 см тең жолақтар, белдік және планка көгілдір түсті матадан орындалған. Бұйым етек, өңір, мойын ойындылары, жең аузы сызықтары бойынша ені 5,0 см жолақпен өңделген. Бұл жолақтар бұйымның тез жыртылуына әкеп соқтырмайтын қосымша тігістері бар жолақтар қызметін атқарады. Күресушілер киімдерінің зақым келу орындары көбінесе иық және жең болатын болса, жиек иықты да жеңді де жыртылудан сақтап тұратын бөлшек болып саналады. Жиектің екі жағынан бастыра параллель екі тігіс жүргізілген. Ал өңір сызығы, жең аузы сызықтары бойынша ара-қашықтықтары 0,7...1,0 см аралығында төрт немесе бес параллель тігістер жүргізілеген. Соныман қатар белдік те ені 5,0 см болатын болса, аралары 0,7...1,0 см аралағында бес немесе алты тігістер жүргізілген. Белдіктің ұзындығы бел айналымын екі рет орап және одан артық, яғни 2,5 м.

4-сурет. Қазақша күреске арналған «ластовицалы», тұтас пішімді жеңді күртешенің алдынан қарағанда көрінісі



5-сурет. Қазақша күреске арналған «ластовицалы», тұтас пішімді жеңді

күртешегің артынан қарағанда көрінісі

Қазақша күреске арналған артқы бөлігі алдыңғы бөлігімен тұтас пішілген шолақ шалбар 6-суретте бейнеленген.



Белдік бұйымның сыртқы сипаттамасы. Белдік бұйымының аталуы – шолақ шалбар. Шолақ шалбар екі бөліктен құралған. Алдыңғы бөлігі және артқы бөлігі. Шолақ шалбардың тігісі артқы бөлігінде ортаңғы сызығы бойынша өтеді, ал алдыңғы бөлігінде бант сызығы бойынша өтеді. Шолақ шалбардың ұзындығы отыру сызығына 24,0 см төмен деңгейде, яғни 60 см. Балақ ені 40 см.

Жан сызықтарында екі жағында ұзындықтары 15,0 см тілік қимасы бар. Шолақ шалбардың белдігінің ені жейденің белдігінің еніне тең, яғни 5,0 см. Белдік ортасынан шнурмен реттеліп байланады. Шнурдың ұзындығы белдің оралымына бойланысты. Шолақ шалбардың балақ сызығында ені 5,0 см жолақ тігілген.




6-сурет. Қазақша күреске арналған шолақ шалбар.

7-сурет. Палуандарға арналған тұтынушылық талаптарды бағалау диаграммасы


8-сурет. Палуандарға арналған спорттық киімнің эстетикалық талаптарын бағалау диаграммасы



9- сурет. Палуандар киімдерінің материалдарын бағалау диаграммасы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет