Теориясы: «ТАЛДАУ» 1.
Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3
тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін
толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені: - Сөз анасы не? - Су анасы не? - Жол анасы не? - деп сұрайды. Сонда Сырым батыр:
- Сөз анасы –
құлақ, - Су анасы -
бұлақ, - Жол анасы -
тұяқ! -
деп жауап береді. Толымсыз сөйлем:
Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп сұрайды. Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап
береді.
1.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары
орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз
сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)
Толымды сөйлемдер:
1. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын
. 2. «Осының бірі лайық қой» - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.
Толымсыз сөйлемдер:
1) Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
2) Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.