«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының
Әулиекөл ауданы білім бөлімімінің Шайсұлтан
Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Сейтмаганбетова Гульнара Бауыржановна-
мектеп тәлімгері,
Мендібай Томирис –ұланбасы,8 сынып оқушысы
Қайырлы күн, құрметті«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты аудандық конференцияға қатысушылар! Мен-Сейтмаганбетова Гульнара Бауыржановна- Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебінің тәлімгерімін және менің қасымда отырған көмекшім Мендібай Томирис, 8 сынып оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы, сіздердің назарларыңызға « Қыз қылығымен сүйкімді» атты баяндамамызды бастаймыз.
Тақырыбы: «Қыз қылығымен сүйкімді».
Мақсаты: - Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
- Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
Қыз балаларға іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді қалыптастыру.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшелерінен құралған «Айжұлдыз» қыздар бірлестігінің жұмысын таныту.
Жұмыстың өзектілігі: «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан қыздардың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай жақсы қасиеттерді қалыптастырып, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Сондықтан мектепте қыздардың тәрбиесіне аса назар аударылады. Қыздарды инабаттылыққа, іскерлікке, сұлулыққа баулу мақсатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшелерінен құралған «Айжұлдыз» қыздар клубы 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында құрылды. Осы бірлестіктің жұмысы туралы Клуб жетекшісі, Ұланбасы Мендібай Томириске атқарылған жұмыстар жөнінде баяндауға сөз кезегін беремін.