Қайырлы таң, білім алушы! МамандығЫ: Дизайнер



бет2/2
Дата29.05.2020
өлшемі27,72 Kb.
#71621
1   2
Байланысты:
766 6958 74154
766 6958 74154, 766 6958 74154
Күн жүйесінің шегі

XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?

XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.

Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.

Астрономия грекше астрон – жұлдыз, номос – заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған.  Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.  Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Төмендегі сұрақтарға жауап жаз!



  1. Галактика деген не?
  2. Әлемнің құрылыс деген не?


  3. Астрономия ғылымы нені зерттейді?


  4. Күн жүйесінің пайда болуы туралы не айта аласың?


  5. Жұлдыздар деген не?


  6. Гелиоцентрлік жүйе дегеніміз не?


  7. Хаббл заңын айтыңыз


  8. Күннің ішкі құрылысы туралы не білесің?


  9. Жарқыраудың негізгі кластарын ата


Әлемнің құрылысын зерттеген қай ғалымдарды білесің?



  1. Білімленд цифрлы білім ресурсы. 11 сынып физика.

  2. http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/Fizika/Bimbetova%20i%20dr/Teory/1.1.htm

  3. https://infourok.ru/shinini-sinu-krsetkishin-anitau-zerthanali-zhmis-630532.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет