2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау «Қазақстан - 2030»стратегиясының заңды жалғасы болып табылады.
Айырмашылықтары мее ұқсастықтары :
Біріншіден, бұл стратегия ұзақтығы, қойылған мақсаттар мен міндеттерінің ауқымдығы мен тереңдігі жағынан теңдессіз құжат болып табылады. Ол жарты ғасырдай уақытты қамтып отыр. Ал «Қазақстан - 2030» стратегиясы 33 жылға арналған болатын.
Екіншіден,«Қазақстан - 2050» стратегиясының саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары «Қазақстан - 2030»стратегиясымен ұқсас келеді. «Қазақстан - 2030»стратегиясы 7 басымдықтардан тұрса, «Қазақстан - 2050»стратегиясы да жеті басымдықтардан тұрады. Тек басымдықтардың атауларында айырмашылықтар бар.
«Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегиялары арасында сабақтастық бар. «Қазақстан - 2050» стратегиясы оның алдындағы стратегиядан туындайды және оны одан әрі тереңдетеді. Осы екі стратегияның ұқсастықтары мынада:
Екі стратегияның да сол тарихи кезеңдердің ерекшелігінен туындайды. Бұл ерекшеліктер екі стратегияда да жан-жақты ашылған.
Екі стратегияда жеті басымдықтардан тұрады. Бұл басымдықтардың орындары ауысқан, атаулары өзгерген. «Қазақстан - 2030» стратегиясының бірінші басымдығы«Ұлттық қауіпсіздік» деп аталады. Ал, «Қазақстан - 2050» стратегиясында ұлттық қауіпсіздік мәселесі алтыншы басылымдылықта көрсетіліп «6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерлету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту» деп аталады.
Экономикалық өсу «Қазақстан - 2030» стратегиясының үшінші басымдығын құраса, «Қазақстан - 2050» стратегиясында бұл мәселе бірінші басымдыққа ие болып отыр және «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестицияларымен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм» деп аталады.
«Қазақстан - 2050» стратегиясының екінші басымдығы «2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау» деп аталған. «Қазақстан - 2030» стратегиясында екінші басымдығы Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы «Қазақстан - 2050» стратегиясының «7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі » деген жетінші басымдылығында айтылады.
Атап айтарлық нәрсе екі статегияның да басымдықтарының саны бірдей, бірақ олардың құрылымдық атаулары әртүрлі болғанымен ішкі мазмұны біртұтастықты құрайды.
Үшіншіден, екі стратегияда өздері қабылданған тарихи кезеңнің ерекшеліктерін, қйындықтары мен проблемаларын терең талқылап, болашақтың бағдарламаларын жан-жақты ғылыми негіздеп, оларды орындаудың жолдары мен әдістерін көрсетіп берген.
Төртіншіден, екі стратегияның да Қазақстандық ғана емес жаһандық сипаты бар. «Қазақстан - 2030» стратегиясы негізінде Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде орнықты.Оның дәлелі Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып, оның Астана саммитін өткізуі. Еліміздің ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі. Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңінен қиналмай өтуі. Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің төрт бірдей съездерінің Астанада өтуі. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы.Қазақстан - 2050» стратегиясы - «Қазақстан - 2030» стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы болып есептеледі. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұраққа Елбасы былай деп жауап берген.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |