«Айнабұлақ орта мектебі» кмм 2019-2020 оқу жылындағы 8- сыныптың І жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытынды есебі



Дата25.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#114725
Байланысты:
есеп 1 жартыжылдық


«Айнабұлақ орта мектебі» КММ 2019-2020 оқу жылындағы 8- сыныптың І жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытынды есебі.

Биылғы тәрбие жұмысының жоспарын 9 бағыт бойынша жасадым. Оқу-тәрбие жұмысына талдауды 8 бөлім бойынша алдым. Динамикалық талдау бойынша: 8- сыныпта 22 оқушы бар. Оның 14-і ер бала, 8-і қыз балалар. Барлық оқушылар толық отбасында тәрбиеленеді. Көп балалы отбасынан 4 оқушы бар. Сынпқа жаңадан келген немесе басқа мектепке ауысып кетекен оқушы жоқ. І жартыжылдық бойынша 10 тәрбие сағаты, 1 тазалық акциясы, 1 пікірсайыс алаңы, 1 дөңгелек стол, 1 спорттық сайыс, 1 патриоттық бағыттағы шағын концерт өткізілді. «Абай – дана, Абай - дара», «Отбасы – тәрбие бастауы», «Экология және Біз» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, биология, химия, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің апталықтарына қатысып, оқушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің апталықтарында сыныптар арасында мектепішілік ІІ орын алды. Мектепішілік "Жаңа жыл - 2020" тақырыбына арналған қар қалашығына жылқы мүсінін жасады. Кадет сыныбы тарапынан аудандық «Жас сарбаз - 2019» сайысына қатысты.

Оқу жылының І жартысындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлау мен тиімділік мақсатын талдау:

Биылғы 2016-2017 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жасадым.

2.Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:



Барлық 22 оқушының 8 қыз, 14 ұл.

Көп балалы отбасынан- 4 бала

3.Сынып ұжымы дамуына талдау:



Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Каримова Еңлік және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушы жоқ. Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз балалар өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз балалар сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.

Сынып оқушылары түрлі мектепішілік үйірмелерге қатысады.

Оқушылар апталықтарда, мектептің түрлі іс-шараларында қатысып, белсенділік таныта білді.

4.Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуын талдау:



Мектеп шараларында сынып оқушыларының қатысуға қызығушылығы бар, белсенділік көрсете біледі. «Күз – береке, күз-мереке» байқауына Еркін Елина қатысып, «Абай – дана, Абай - дара», «Отбасы – тәрбие бастауы», «Экология және Біз» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, биология, химия, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің апталықтарына қатысып, оқушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің апталықтарында сыныптар арасында мектепішілік ІІ орын алды. Мектепішілік "Жаңа жыл - 2020" тақырыбына арналған қар қалашығына жылқы мүсінін жасады. Кадет сыныбы тарапынан аудандық «Жас сарбаз - 2019» сайысына қатысты.
5.Сынып оқушыларының дамуына талдау:

Оқушылардың көркем-эстетикалық, еңбек және шығармашылық таным деңгейі, сынып кабинетінің тазалығын ұстау, мектеп формасын кию, сынып және мектепішілік кезекшілігін жауапкершілікпен атқаруда, сенбілік жұмыстарын жүргізуде олардың еңбек, көркем –эстетикалық деңгейін қанағаттанарлық және жақсы деп бағалауға болады.

Оқушылардың әлеуметтік- мәдени өзгерісінің дамуына мектепте өтетін іс-шараларға қатысады.

6.Отбасы мен педагогикалық қарым-қатынастың талдануы



Оқушы ата-аналарының сыныптың тәрбиелік қызметіне әсері бар. Сыныптағы ер балалар мен қыз балалардың қарым-қатынасының қалыптасуында кемшіліктерді жоюға, болдырмауға, тәрбие туралы әңгіме өткізуге ата-ана Нұрекенова Г, Ибраева Н. ат салысты .

7.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының тиімділігі мен сыныптағы тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуына талдау:



Сыныпта өткен тәрбие шараларының мазмұнынан оқушылардың аса ықыласпен қабылдағаны:

«Қазақстаным – жерім, байтағым»

«Жаңа жыл мерекесі»

Оқушылардың рухани қалыптасуы мен дамуына әсер еткен тәрбие

шаралары:

Саналы тәртіп пен еңбекке деген жауапкершілікті қалыптастыруда

ықпал ететін шараларға сынып жиналысы, қыздар жиналысы, ұлдар жиналысы өткізілді.

Сыныптағы тазалық жұмыстарын жүргізу.

8.Тұжырым:



Сәттілік пен табыс, тәжірибе жинақтау жайында:
Сынып оқушыларының бойына өз еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым. Мәдени қарым-қатынас пен әдеби сөйлеу, үлкенді сыйлау қасиеттерін дарыттым. Олардың жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет