Айналайын, Атажұртым



бет13/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Менің жаңа Астанам
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тақырыптық сабақ


Бағдарламаның мазмұны: Бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру: оның табиғатына, салт-дәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылықтарын арттыру. Астана туралы түсінік қалыптастыру, онымен таныстыру.
Қосымша жұмыстар: Бүлдіршіндерге алдын-ала Қазақстанның мәдениеті және табиғаты туралы әңгімелеу. «Астана», «Менің елім Қазақстан», «Менің жаңа Астанам», Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» сияқты танымдық, ақпараттық, суретті кітаптармен, қазақ суретшілерінің қазақ халқы туралы салынған суреттерімен таныстыру керек. Қазақ халқының күйлерін, ұлттық әндерін тыңдатып, Қазақстан, Астана туралы жазылған өлең, әндерін, қазақ халқының мақал-мәтелдері туралы балаларға түсінік беріп, мүмкіндігінше жатқа білгендері жөн. Астана қаласының көрнекті жерлері бейнеленген сурет-фотолардан слайд жасап, шара барысында экраннан көрсетіп отыру керек. (Құрманғазының «Адай» күйі баяу ойнап тұрады)
Кітапханашы:
Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін,
Шат заман!...
Мен: Әлемге-
Тәуелсіз,
Қазақпын,-деп мақтанам!- деп ақын ағамыз жырлағандай (Ө.Ақыпбекұлы) біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Кітапханашы: Біздің Отанымыз-Қазақстан кенді Алтай тауларынан, Ақжайықтың жасыл жағалауына дейін созылады... Біздің жердің қойнауы алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға аса бай. Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары өседі. Бізде аппақ қардай ақ тақта өсетін аудандар да бар. Көлеміне көз жетпес бақшалардан шырынды алма, алмұрт, жүзім, қара өрік пен сары өрік тереміз...
Осындай кең байтақ жомарт далада ұлы батырлар мен ақындар, саусағынан сан өрнек төгілген зергерлер, шеберлер жасаған. Бүкіл дүниежүзінде ақындар Абай мен Жамбыл, оқымысты Шоқан Уәлихановтың, жазушы Мұхтар Әуезовтің, академик Қаныш Сәтбаевтың есімдері жақсы таныс.
Біздің Республикамызда жүз жиырмадан астам халықтың ұл-қыздары тату-тәтті ынтымақпен жемісті еңбек етеді. Біз қандас болмасақ та, жандаспыз! Қазақстан Республикасы-біздің сүйікті де, ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар-оның уығы, қалалар-керегесі, астана шаңырағы. Сондықтан бір Отанның ішінде тұратын барлық халық бір-біріне туыс. Олар өз отандарын мақтан етеді, жақсы көреді. Балалар, біз неліктен отанымыз Қазақстанды жақсы көреміз?
Балалар: Өйткені, біздің Отанымыз бәрінен де әдемі.
Кітапханашы: Иә,балалар, біз Қазақстанда тудық, бұл елде ана тіліміз -қазақ тілінде сөйлейміз, осы жерде тұрамыз. Бұл жерде бізге жақын адамдарымыз тұрады. Бұл жерде бізге бәрі ыстық, бәрі жақын.
Қыз бала: Тудым, өстім Отан үшін,
Отанымды сүйем жастан.
Отан үшін-қуат күшім,
Жыр жазамын бір тынбастан.
Отан –қуат, нәр береді.
Отан –ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді... (М.Хәкімжанова)
(Е.Ынтықбаевтың «Қазақстан» әні тыңдалады. Орындайтындар Р.Рымбаева және «АБК» тобы)
Кітапханашы: Отан... Адамға өте жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар ұғым. Өйткені, ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп -өнген жерін – Отаным деп жанындай жақсы көреді. Бізді өзінің тәтті нанымен, суымен асырайтын және жаудан қорғайтын отанымызды анаға теңейміз. Халық арасында Отан туралы көптеген мақал-мәтелдер бар. (Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылады)
(«Бәйтеректің» суреті көрсетіліп «Арман қалам Астанам» әнінің фонограммасы қойылады сөзі:Е.Шәймерденовтікі, әні М.Омаровтікі, орындайтындар: М.Омаров, З.Омарова)
Кітапханашы: Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл ненің суреті?
Балалар: Бұл Бәйтеректің суреті!
Кітапханашы: Ол қайда орналасқан?
Балалар: Астанада.
Ұл бала: Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет