Айналайын, Атажұртым


Журналдың алтыншы беті еврей халқына арналады



бет50/75
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#36204
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
Журналдың алтыншы беті еврей халқына арналады.
Редактор : Журналымыздың алтыншы беті қандай қиындық болсын көтере білетін, қайыспас халық, өз дініне, тіліне берік халықтардың бірі – еврей халқына арналады.
Еврей халқының, әсіресе, балалардың сүйікті мейрамы шват немесе ту би-шват мейрамы. Еврей халқының ағаштар жаңа жылы шват деп аталады. бұл мейрам қаңтар-ақпан айларында, Израиль жерінде жаңбыр жауып, ағаштар бүрлей бастаған кезде тойланады. Тойланатын күні ауыспалы күнпарақ арқылы белгіленеді.(Израиль жерінде жаңбыр қыс айларында ғана жауады). Ағаштар жаңа жылы-бір жылдық өнімнің қаншалықты мол болғанын қорытындылайтын мейрам. Еврей халқының заңы бойынша, және діни кітаптары Торада әрбір адам өзінің жинап алған өнімінің оннан бір бөлігін әлсіз жетім-жесірлерге, жері жоқ кедейлерге, қарттарға таратып беруі керек. Ту би-Шват мейрамы күні барлық еврей халқы Израиль жерінде өсетін әртүрлі өнім-жемістерден дастархан жаяды. Дастархан үсті әртүрлі жемістерге, бидай, арпа өнімдеріне толы болады. Дастарханда міндетті түрде Израиль жерінде өсетін 7 түрлі өнім болуы керек. Бұл күні еврейлер бидай немесе арпа өнімдерін жейді, жүзім шырынын ішеді, інжір, анар, зәйтүн мен құрма жемістерін жейді және Израиль жерінің өнімдерінің құрметіне көпшілікке хала таратылады. Ту би-Шват күні бұл елде міндетті түрде ағаштар отырғызылады. Балаларға ағаштардың табиғат пен адамдар өміріндегі маңызы, олардың алуан түрлері туралы әңгімелер айтады.Әрбір жеміс ағашына арналған бата сөздер үйретеді. Шват мейрамы күні балалар «Алтауы бір қап ішінде» ойынын ойнағанды өте жақсы көреді. Ойынның шарты: Ойынға әртүрлі жеміс, өнім кейпіндегі 6 бала және дорба роліндегі бір бала қатысады. Қап жолда келе жатып әр түрлі жеміс, өнімдерге терге кездеседі. Олар өздерінің қандай жеміс немесе өнім екендіктерін, өздерінің қасиеттері туралы айтады. Дорба оны өзіне алады. Келесі тағы бір жеміс немесе өнімге кездеседі. Ол дорба ішінде кім бар екенін сұрап, өзі туралы айтып береді. Ойын аяқталған соң, балаларға ішінде әр түрлі жемістері бар дорбалар сыйға беріледі. Ойынға қатысатын жеміс-өнім түрлері (шамамен): зәйтүн, құрма, банан, інжір, апельсин және жоңқа немесе қауыз (рожки).

Жас тілші : Еврей халқының кең тараған ұлттық тағамдарын атаңдар?


Жауап: пита (израиль шелпегі), маца, фаршталған балық, латкес (картофельные оладьи), хала наны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет