1. Сыну көрсеткіші 1,5 қалыңдығы 0,5 мм шыны пластинкада толқын ұзындығы 0,5 мкм қанша толқын орналасады? A) 500
B) 1000
C) 1500
D) 15000
E) 2500
2. Ені а=0,005 мм саңылауға тік бағытта монохромат жарық түседі, бесінші қараңғы дифракциялық сызықтарға сәйкес келетін сәулелердің ауытқу бұрышы = 30 . Түсетін жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз. А) 0,3 мкм
В) 0,4 мкм
С) 0,5 мкм
D) 0,6 мкм
Е) 0,7 мкм
3. Фотон дегеніміз не?
А) Массасы электрон массасына тең заряды қарама-қарсы бөлшек;
В) Электромагниттік сәуле кванты;
С) Электрон:
Д) Протон;
Е) α-бөлшегі.
4. Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын дене
А) айна;
В) линза;
С) абсолют қара дене;
Д) қар;
Е) шар.
5. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі қандай заңның негізінде алынған?
А) энергияның сақталу заңы;
В) импульстің сақталу заңы;
С) энергия мен массаның өзара байланыс заңы;
Д) Ньютонның бірінші заңы;
Е) Ньютонның екінші заңы.
6. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын ... деп атайды
А) сәулелену ;
В) рентген;
С) инфрақызыл сәулелер;
Д) ультракүлгін сәулелер;
Е) жылулық сәулелену.
7. Атомның құрылысы қандай?
А) протон мен нейтроны бар оң зарядталған бөлшек;
В) оң зарядталған ядромен электроннан тұратын бейтарап жүйе;
С) реттік номері элемент санын көрсететін электрондар жүйесі;
Д) ішінде электрондары бар оң зарядталған көлем, ондағы барлық электрон зарядымен оң зарядтардың санына тең;
Е) тек электрондардан тұратын бейтарап жүйе.
8. Вакуумдық фотоэлементке жарық түсіргенде, онымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. токтың пайда болуына себепкер