Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет1/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси
Жай сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануы



1. Жалпы ережелер


1.1. Бұл Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643 ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1.2-тармақ өзгертілді
1.2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
автоарна - 5.1. көрсеткiшiмен белгiленген жол;
Осында және бұдан былай жол белгiлерi нөмiрленуi 1-қосымшаға сәйкес келтiрiледi.
жол қозғалысының қауiпсiздiгi - оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi;
велосипед - мүгедектердiң арбасынан басқа, екi не одан көп дөңгелек бар және үстiндегi адамның дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы;
жүргiзушi - көлiк құралын, жүгi бар, салт жануарларды немесе табынды жолмен басқарушы адам. Жүргiзудi үйренушi де жүргiзушiге теңестiрiледi;
мәжбүрлi аялдау - оның техникалық ақаулығынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауiптiлiктен, жүргiзушiнiң (жолаушының) жай-күйiне, жолда кедергi пайда болуынан көлiк қозғалысының тоқтауы;
басты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3. белгiлерiмен белгiленген немесе 5.1. белгiсi бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементтi-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жолдар, немесе iргелес аумақтардан шығатын жiңiшке жолдарға қарағанда үлкен кез-келген жол. Екiншi дәрежелi жолда, тiкелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;
жол - көлiк құралының қозғалысына арналып жасалған немесе икемделген және пайдаланылатын жер жолағы және жасанды ғимараттардың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиегiн және олар болған кезде бөлу белдеулерiн қамтиды;
жол қозғалысы - көлiк құралдарын пайдаланып немесе оларсыз (жаяу жүргiншiлердiң) жолдың бойымен адамдардың немесе жүктердiң орын ауыстырулары кезiнде, сондай-ақ осы орын ауыстыруларды реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойымен қозғалысы кезiнде және оның қатысуы процесiнде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүктер бүлiнген, не өзге де материалдық зиян келтiрiлген оқиға;
темiржол өтпесi - жолдардың темiр жолдармен бiр деңгейде қиылысуы. Жолдың учаскесiнiң жақын жердегi рельстен 10 м арақашықтықтағы сызықпен көрсетiлiп шектелген учаскесi өтетiн шекарасы болып табылады;
жүрiс бөлiгiнiң шетi - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ жүрiс бөлiгiнiң трамвай жолдарымен жол шетiнде жанасатын жерлерде жол төсенiшi өтетiн шартты сызықпен айқындалады. Жол танабының төсенiшiн, оның iшiнде жолдың жағдайына орай, айқындау мүмкiн болмаған кезде жүру бөлiгiнiң шетiн таптаурын жолақтың шетi бойынша жүргiншiлердiң өздерi айқындайды;
тұрғын аймақ - 5.38 белгiсiмен белгiленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе массив;
маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау, бұрылу (керi бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлiк құралының артқы жүрiспен қозғалысы;
маршруттық көлiк құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгiленген аялдама пункттерi (аялдамалары) бар белгiленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлiк құралы;
механикалық көлiк құралы - двигательмен қозғалысқа келтiрiлетiн мопедтен басқа көлiк құралдары. Термин сондай-ақ кез-келген тракторға және өздiгiнен жүретiн машиналарға қолданылады;
мопед - жұмыс көлемi 50 см3 аспайтын двигательмен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы 50 км/сағ. аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы двигателi бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады;
мотоцикл - екi дөңгелектi бүйiр тiркемесi бар немесе тiркемесiз механикалық көлiк құралы. Жабдықталған күйiнде массасы 400 кг аспайтын үш дөңгелектi көлiк құралы да мотоциклге теңестiрiледi;
елдi мекен - оған кiретiн және шығатын жерлерi 5.22 - 5.25 белгiлермен белгiленген, құрылыс салынған аумақ;
жеткiлiксiз көрiну - тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың көрiнуi 300 м кем;
басып озу - ең төменгi қауiпсiз ара қашықтықтағы алдында қозғалып келе жатқан көлiк құралынан немесе көлiк құралдары составынан жүрiп келе жатқан жолағына шығумен озып кету;
жол жағалауы - жүрiс бөлiгiнiң жиегi (немесе бордюр тасы) мен шетi арасында онымен бiр деңгейдегi грунтты немесе төсенiшпен бекiтiлген жолақ;
қозғалыс үшiн қауiптiлiк - жол қозғалысындағы, оның қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және көлiк құралының жылдамдығын және (немесе) маневр жасауын өзгертудi талап ететiн кенеттен болатын өзгерiс;
жол қозғалысын ұйымдастыру - жолдарда қозғалысты басқару жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шаралары мен реттеу iс-қимылдарының кешенi;
ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасы - Ереженiң 3.2-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгiленген жол бойымен қозғалатын жаяу жүргiншiлер тобы;
ұйымдасқан көлiк колоннасы - жарқылы бар көк түстi немесе көк және қызыл түстi жарқырауықтар iске қосылған бас көлiк құралының бастауымен жарық тұрақты жанып тұрған, бәрi сол бiр қозғалыс бойымен тiкелей бiрiнiң артынан бiрi жүрiп келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлiк құралдарының тобы;
аялдама - көлiк құралының қозғалысын 5 минутқа дейiн, сондай-ақ бұл жолаушыларды мiнгiзу немесе түсiру, не көлiк құралына тиеу немесе түсiру үшiн, қажет болса онда да көбiрек уақытқа мақсатты тоқтатуы;
Ескертпе. Көлiк құралының қозғалысын жол қозғалысын ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттiлiгi аялдама (тұрақ) болып саналмайды.
жолаушы - көлiк құралындағы (үстiндегi) және оны басқармайтын адам;
жол қиылысы - жолдардың, тиiсiнше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгiленген сызықтармен қосатын бiр деңгейде қиылысу, түйiсу немесе тармақталу орны. Iргелес аумақтардан шығатын жерлер, сондай-ақ, олардың алдынан басымдылық белгiсi қойылмаған далалық, орманды және екiншi дәрежелi жолдармен қиып өту, (түйiсу) орындары жол қиылысы болып саналмайды.
қатар ауыстыру - көлiк құралының өзi жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағын ауыстыруы;
жаяу жүргiншi - көлiк құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын жол бойындағы адам. Жаяу жүргiншiге двигателi жоқ мүгедектiң арбасындағы, велосипед, мопед, мотоцикл айдаушы, шана, қол арба, балалар немесе мүгедектер арбасын сүйретушi адамдар жатқызылады;
жаяу жүргiншiлер өтпесi - жүру бөлiгiнiң 5.16.1, 5.16.2 белгiлерiмен немесе 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгiленген және жау жүргiншiлердiң жолды кесiп өтетiн қозғалысына арнап бөлiнген учаскесi. Жаяу жүргiншi өткелiнiң енi таңбаланбаған жағдайда жол осi бойынша 5.16.1. және 5.16.2. белгiлерiнiң арасымен айқындалады;
Осында және бұдан әрi жол белгiлерiнiң нөмiрленуi 2-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi.
қозғалыс жол жолағы - жүру бөлiгiнiң таңбаланып белгiленген немесе белгiленбеген және автомобильдiң бiр қатарда қозғалуына жетерлiк енi бар кез келген ұзыннан бойы жол жолағы;
артықшылық (басымдылық) - белгiленген бағытта басқа да қозғалысқа қатысушылармен салыстырғанда бiрiншi кезектi қозғалысқа арналған құқық;
қозғалысқа кедергi - жүру бөлiгiнiң осы жол жолағы бойымен немесе жолдың бүкiл енi бойынша әрi қарай қозғалысты қиындататын немесе мүмкiндiк бермейтiн кез келген материалдық объект;
iргелес аумақ - жолға тiкелей тақалып жатқан және көлiк құралдарының өту қозғалысына арналмаған аумақ (аулалар, тұрғын үй массивi, автотұрақтар, автомай құю станциялары, кәсiпорын және сол сияқтылар);
тiркеме - двигательмен жабдықталмаған, механикалық көлiк құралының құрамында қозғалуға арналған көлiк құралы. Термин жартылай тiркемеге және жайылма-тiркемеге де қолданылады;
жүргiн бөлiк - жолдың рельссiз көлiк құралдарының қозғалысына арналған элементi;
бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлiгiн бөлетiн жолды жаяу жүргiншiнiң елдi мекеннен тыс кесiп өткен кездегi мәжбүрлi аялдаманы қоспағанда, рельссiз көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына және аялдауына арналмаған конструкциялық бөлiнген элементi;
рұқсат етiлген ең жоғарғы масса - дайындаушы-кәсiпорынның ең жоғары рұқсат ету ретiнде белгiлеген, көлiк құралының жүкпен, жүргiзушiмен және жолаушылармен тиелген массасы. Көлiк құралдары құрамының, яғни тiркелген және бiртұтас ретiнде қозғалатын рұқсат етiлген ең жоғары масса етiп көлiк құралының құрамға кiретiн ең жоғары рұқсат етiлген массасының жиынтығы қабылданады;
реттеушi - жолдағы қозғалысты басқару жөнiндегi реттеу iс-әрекеттерiн орындауға уәкiлеттi, тиiстi куәлiгi мен керек-жарағы (нысандық киiмi немесе айырым белгiсi - қарына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісi не жарық қайтарғышы бар дискiсi, қызыл шам немесе жалауша) бар iшкi iстер органдарының (полицияның), әскери автомобиль полициясының қызметкерi немесе жол-коменданттық бөлiмшенiң әскери қызметшiсi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметкерi, жол-пайдалану қызметiнiң қызметкерi, темiр жол өткелiндегi, паром өтпесiндегi кезекшi;
тұрақ - көлiк құралының қозғалысын жолаушыларды мiнгiзу немесе түсiруге, не көлiк құралына тиеу немесе түсiруге байланысты емес себептермен 5 минуттан артық уақытқа мақсатты тоқтатуы;
тәулiктiң қараңғы уақыты - кешкi қара көлеңкеден таңертеңгi елең-алаңға дейiнгi уақыт аралығы;
көлiк құралы - жол бойымен адамдарды, жүктердi немесе оған бекiтiлген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;
тротуар - жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi;
жол беру (кедергi келтiрмеу туғызбау) - жол қозғалысына қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар қозғалысқа басқа қатысушылардың қозғалыс бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуi мүмкiн болса, қозғалысты бастамау, өзгертпеу немесе жалғастырмау, қандай да болмасын маневрды жүзеге асырмауды бiлдiретiн талап;
жол қозғалысына қатысушы - қозғалыс процесiне жүргiзушi, жаяу жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы ретiнде тiкелей қатысатын адам.
1.3. Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген.
1.4. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажеттi өзгерiстер мен шектеулер тек қана жол белгiлерiнiң, жол таңбалауларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушiлердiң көмегiмен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкiлеттi адамдардың басқарумен Ереженiң шегiнде белгiленген тәртiппен енгiзiледi.
1.5. Жол қозғалысына қатысушылар өздерiне қатысты Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарын, белгiлер мен таңбаларды, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi.
1.6. Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндеу iс-қимыл жасауы тиiс.
Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптiлiк туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi.
1.7. Осы Ереженiң бұзған адам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет