Айтбай Ақбота 018 жм тапсырма: «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ахуал. Бейбіт ұрылысқа бейімделу»


Хрущевтің «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,83 Kb.
#109801
1   2   3
Байланысты:
Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)

Хрущевтің «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан

1953 жылы наурыз айында Сталин дүние салғаннан кейін хатшы болып Н.С.Хрущев сайланады. Осы кезде Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы қызметінен Шаяхматев босатылып, оның орнына Пономоренко келеді. Ал екінші хатшы қызметін Л.Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланады. Хрущев келгеннен кейін жылымық кезеңі басталды. Хрущев билігі кезінде қоғам өмірін демократияландыру саясаты жүргізіледі. Компартияның 20 съезінде жеке басқа табынудың зардаптары туралы мәселе қаралады. Осы съезде Сталинизм қылмыстары әшкереленіп,оның саясаты адамзатқа қарсы саясат деп бағаланды. Осыған сәйкес қазақтың Тұрар Рұсқылов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин сияқты зиялылары ақталды. Бірақ өкінішке орай бұл құрамда Алаш қайраткерлері болмады. Бұл Кеңестің әміршіл-әкімшіл жүйесінің сақталғанын көрсетті. Хрущев билігі кезінде Тың және тыңай,ан жерлерді игеру реформасы жүргізілді. Ол билікке ыңғайлы экстенсивтік бағытта жүргізілді. 1962 жылы Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктірілді. Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілді. Ақмола сияқты Хрущевтің айтуымен көптеген қалалардың аты өзгертілді. Хрущев қазақ жерін сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тәжірибелер жасады.Бұл тәжірибелердің ішінде келешегі жоқ тәжірибелер өте көп болды. Гидропоникалық өсімдік өсіру, жүгері егу сияқты тәжірибелер осы Қазақ даласында жүргізілді.Оның жөнсіз қылықтарына халық наразы болды. Сонымен, Хрущев жылымығы бір жағынан «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан экономиканы экстенсивті жолмен дамыту идеясымен есте қалды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет