Үй тапсырмалары: 1. Мектептегі психологтың психокоррекциялық және дамыту жұмыстары туралы түсінік.
2. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу түрлері.
3. Психокоррекцияны жүргізу бағыттары.
4. Психокоррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Мырзатаева, Б.П. Кіші мектеп оқушыларының психологиясы : оқу құралы / Б. П. Мырзатаева. - Қарағанды : ЖШС "Medet Group", 2016. - 118 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/3326/ www.lib.ukgu.kz
2. Ермекбаева, Л.К. Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау : оқу құралы / Л. К. Ермекбаева, Қ. Н. Нығметова. - Алматы : "Эверо", 2020. - 240 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/3326/ www.lib.ukgu.kz
3. Лекерова Г.Ж. Педагогическая психология : учебное пособие / Г. Ж. Лекерова. - Шымкент : Нурлы бейне, 2015. - 258 с.
4. Қабылбекова, З.Б. Психология және педагогика : оқу құралы жоғарыоқу орындарының 5В050300 - "Психология" мамандығының студенттеріне арналған / З. Б. Қабылбекова. - Шымкент : ОҚУ, 2021. - 160 с.
4-практикалық сабақ.
Білім беру мекемелеріндегі психологтың тұлғасының өзіндік дамуы Сабақ мақсаты мен міндеттері: Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері жайлы білімдерін дамыту.
Сабақ барысы
Қысқаша теориялық ақпарат.
Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері
Психологтың нормативтік құжаттары. Балалардың құқықтары туралы конверциясы. «Білім беру» туралы ҚР Заңы. Психологиялық қызмет туралы Ереже. Іс-қағаздарды жүргізу ережелері. Психологиялық бөлме немесе психологтың қызмет ету кеңістігі. Психолог жұмысының уақыттық жүктемелері.
Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны;
2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының азаматтарын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту немесе ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;